өзіндігінен көрінгендері басқа» («Ән-Нур» сүресі, 31-ші аят).
Бұл аятта Алланың адамдарға жыныстық мүшелерін күнәдан қорғау әмірінен бұрын көздерін
күнәдан сақтауды бұйырғандығы бізге ой салуы тиіс. Сол себепті де, Пайғамбар (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
ﻪﺒﻠﻗ ﻓ ةوﻼﺤﻟا ﻪﻟا ﻪﺛروأ هﺮﺼﺑ ﺾﻏ ﻦﻤﻓ مﻮﻤﺴﻣ ﺲﻴﻠﺑإ مﺎﻬﺳ ﻦﻣ ﻢﻬﺳ ﺮﻈﻨﻟا
«Көз салып қарау – Ібілістің улы жебелерінің бірі. Кімде-кім көзін сақтаса, Алла Тағала ол адамның жүрегіне [иманның] тәтті дәмін дарытады».
Имам әл-Қуртуби осы аятты тәпсірлей келіп, сәләфтердің қатарынан шыққан ұлы Құран
тәпсіршілерінің бірі Муджәхидтің сөздерін келтіреді:
اذﺈﻓ ؛ﺮﻈﻨﻳ ﻦﻤﻟ ﺎﻬﻨﻳﺰﻓ ﺎﻬﺳأر ﻠﻋ نﺎﻄﻴﺸﻟا ﺲﻠﺟ ةأﺮﻤﻟا ﺖﻠﺒﻗأ اذإ :ﺪﻫﺎﺠﻣ لﺎﻗو
ﺮﻈﻨﻳ ﻦﻤﻟ ﺎﻬﻨﻳﺰﻓ ﺎﻫﺰﺠﻋ ﻠﻋ ﺲﻠﺟ تﺮﺑدأ
«Әйел адам келе жатқанда шайтан оның басына отырып, қараған адамға оны әдемі етіп
көрсетеді; ал, ол өтіп бара жатқанда оның бөксесіне отырып, қараған адамға оны әдемі қып
көрсетеді».
Сондықтан, мұсылман әйел өзі біле тұра немесе еріксіз түрде шайтанның еркектерді
азғырудағы қаруына айналмас үшін қолынан келгенін жасап бағуы керек.
Алла Тағаланың (мағынасы): «Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа», – деген сөзіне келер болсақ, Ибн Кәсир «өзіндігінен көрінгендері басқа» деген сөзді былай талдайды:
هؤﺎﻔﺧإ ﻦﻤﻳ ﻻ ﺎﻣ ﻻإ ،ﺐﻧﺎﺟﻸﻟ ﺔﻨﻳﺰﻟا ﻦﻣ ًﺎﺌﻴﺷ نﺮﻬﻈﻳ ﻻ :يأ
«Яғни, еріксіз көрінетін жерлерін қоспағанда, сұлулығын бөтен еркектерге көрсетпесін».
«Еріксіз көрінетін жерлер» дегенді түсінуде Құран тәпсіршілерінің пікірлері екіге бөлінген:
денені түгелдей жабу міндет деп санағандар мұнда әйелдің киімі туралы айтылған десе,
өзгелер қол мен бет туралы айтылған деген.
Әйел адам өзіне берілген сұлулық пен тартымдылықты күйеуіне арнауы керек, ал, бөтен
еркектердің алдында мейлінше жабық болуы тиіс. Біздің заманымызда пайда болған жаман
әдеттердің бірі ─ әйел үйінде қалай болса солай киініп, олпы-солпы жүреді де, көшеге шығар
кезде сәнденіп, барынша боянып-таранады. Сонда ол кім үшін сонша сыланып-сипаланады?
Кім үшін боянады? Кімнің алдында әдемі көрінгісі келеді? Мұның жауабы анық: бөтен
еркектердің алдында.