Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Практикалық жұмыстар

Зертханалық жұмыс
 
№ 5. Файлдық жүйемен жұмыс 
 
 
 Жұмыстың мақсаты: файлдық жүйемен жұмыс жасау.
 
5.1 Жұмыс тапсырмасы 
 
1) Каталог құру. 
2) Каталогтар мен файлдардың көшірмесін алу, орнын ауыстыру. 
3) Каталогтар мен файлдардың атын өзгерту. 
4) Каталогтар мен файлдарды жою. 
5) Файлды архивтеу және жөнелту. 
6) Сілтеме құру. 
 
5.2 Теориялық мәліметтер
 
Операциялық жүйелер ақпаратты дисктерде файлдық жүйелер 
көмегімен сақтайды. Әдеттегі файлдық жүйе бірінің ішіне бір салынған 
бумалардан тұрады(папка деген атауы да бар), олардың ішінде файлдар 
орналасады. Ең жоғарғы, басты бума файлдық жүйенің түбірі деп аталады, 


18 
оның ішінде қалған бумалар мен файлдардың барлығы орналасады (немесе 
одан файлдық жүйе өседі деп айтуға болады). 
Linux- та түбірлік бума қысқа және нұсқа да – «/» деп белгіленеді. 
Барлық қалған бумалардың толық аттары (жолдары) «/» белгісі мен оған оң 
жағынан қосылған тізбектей бірінін ішіне бірі салынған бумалар аттарынан 
тұрады. Жолдағы бумалар да «/» («слэш») таңбасымен ажыратылады. 
Мысалы, /home жазбасы түбірлік бумада орналасқан («/») «home» бумасын 
анықтайды, ал /home/user – «user» бумасы «home» бумасында орналасқанын 
көрсетеді (ал ол, өз жағынан, түбірлік бумада орналасады). Осындай түрдегі 
жазба, бумалар тізбегінен тұратын және соңында файлмен аяқталатын, файлға 
дейінгі толық жол деп аталады. 
Салыстырмалы жол толық жол сияқты да құрастырылады, бірақ 
айырмашылығы – «/» белгісімен ажыратылған файлға дейінгі бумалар ретін 
санауын ағымдағы бумадан бастайды, түбірлік бумадан емес. Linux толық пен 
салыстырмалы жолдарды оңай ажыратады: егер объект аты «/» белгісінен 
басталса – бұл толық жол, қалған жағдайларда – салыстырмалы. 
Linux-та түбірлік бума тек біреу болады, басқа бумалар оның ішіне 
салынған болып келеді, пайдаланушы үшін файлдық жүйе біртұтас нәрсе 
ретінде көрсетіледі. Шынында, файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері әр түрлі 
құрылғыларда орналасуы мүмкін: қатты дискінің әр түрлі бөлімдерінде, түрлі 
алынатын тасымалдауыштарда (компакт дисктер, дискеттер, флэш-карталар), 
тіпті басқа компьютерлерде де орналасуы мүмкін (желі арқылы қатынас 
құрылады). Осындай барлығынан біртұтас жүйені құру үшін тіркеу әрекеті 
өткізіледі. 
Linux үшін ең маңызды түбірлік файлдық жүйе (root filesystem) болып 
келеді. Басқа құрылғылардағы барлық файлдық жүйелер оған қосылады 
(тіркеледі). Назар аударыңыз, түбірлік буманың өзі де тіркеледі, бірақ басқа 
файлдық жүйеге емес, «Linux-тың өзіне», тіркелу нүктесінің ролін «/» 
атқарады (түбірлік бума). Сондықтан жүйе қосылған кезде түбірлік бума ең 
бірінші болып тіркеледі, ал жүйе сөндірілген кезде соңғы болып тіркеуден 
босатылады.
Linux-жүйесінің түбірлік бумасында әдетте аттары стандартты ішкі 
бумалар орналасады. Одан әрі, аттарына қоса, олардың құрамасының түрлері 
де стандартпен шектеледі. Бұл стандарт барлық Linux-жүйелерінде сақталады, 
сол үшін сіз әр Linux-та /etc, /home, /usr/bin т.с.с. тауып, олардағы 
құрамасының түрін көбінесе болжай аласыз. Файлдардың стандартты 
орналасуы адамғы және бағдарламаға жүйенің белгілі бір бөлігін қайдан іздеу 
керек екенін анықтауды мүмкін қылады. Пайдаланушы үшін осындай жағдай 
кез-келген Linux жүйесінде керек нәрсені таба алатынын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет