13
Сондықтан, оларды пайдаланушылар деп атайды.
Пайдаланушының
компьютерлік сауаттылығы болуы қажет. Басқаша айтқанда, пайдаланушы
ЭЕМ-ді қолданып оқу, жазу, санау және сурет салу,
сондай-ақ ақпараттарды
іздеу әрекеттерін орындай алуы керек.
Бағдарлама дегеніміз магниттік тасымалдаушыда файл түрінде
сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп,
орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Бағдарламаны
жүктеу – бағдарламаны компьютердің сыртқы жадынан оның жедел жадына
көшіру. Бағдарламалық пакет (десте) дегеніміз компьютерде пайдалануға
толық
дайын бағдарламалар, мәліметтер, құжаттар және басқа да
материалдардың жинағы. Бағдарламалық пакеттің екі түрі болады: DEB-пакет
және RPM-пакет. Linux Ubuntu операциялық жүйесінде DEB-пакет
қолданылады.
Бағдарламаның түрлері: жүйелік
бағдарлама, қолданбалы бағдарлама,
мультимедиалық бағдарлама, мамандандырылған бағдарламалар, ойын
бағдарламалары, оқыту бағдарламалары және т.б.
Жүйелік бағдарлама дегеніміз операциялық жүйенің мүмкіндіктерін
арттыратын және компьютердің барлық
компоненттерінің жұмысын
басқаратын бағдарлама. Жүйелік бағдарламалық жасақтама компьютерді
пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру
мен қолданбалы бағдарламалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған. Оған
операциялық жүйелер, утилиттер, сервистік бағдарламалар жатады.
Операциялық жүйе компьютер мен басқа бағдарламалар арасындағы
алғашқы және негізгі дәнекер. Егер компьютерге операциялық жүйе
орнатылмаса, онда компьютер бірде-бір команданы орындай алмайды,
тіпті
жүктеле алмайды. Операциялық жүйеге келесі тарауда кеңінен тоқталамыз.
Қолданбалы бағдарлама – пайдаланушының қолданбалы мәселелерді
шешуге арналған немесе нақты тапсырманы орындайтын бағдарламасы.
Қолданбалы бағдарламаға мәтіндік процессорды, электрондық кестені,
мәліметтер базасын және т.б. жатқызуға болады.
Белгілі бір саладағы
мәселелерді
шешуге
арналған
бағдарламалар
жиыны
қолданбалы
бағдарламалар дестесін құрайды. Мысалы: кәсіптік мәселелерді шешуге
бейімделген қолданбалы бағдарламалар.
Linux операциялық жүйесінде бағдарламалар менеджер көмегімен
жүктеледі. Менеджерде бағдарламалық файлдармен қатар конфигурациялық
және көмекші файлдар орналасқан. Linux Ubuntu операциялық жүйесінің
менеджері dpkg деп аталады. Ол командалық жол негізінде жұмыс жасайды.
Репозитарий – пакеттер қоймасы. Онда пакеттермен қатар, олар туралы
мәліметтер
сақталады.
Ubuntu
операциялық
жүйесінің
барлық
репозитарийларын интернеттен табуға болады.
Репозитарий түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: