Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу


Зертханалық жұмысты орындау реті



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Практикалық жұмыстар

 
4.3 Зертханалық жұмысты орындау реті 
 
4.3.1 Тіркеу жазбасын іске қосу үшін келесі командалар тізбегі 
орындалады: 
Жүйе (Система) – Администраациялау (Администрирование) –
Пайдаланушылар және топтар (Пользователи и группы) 
Нәтижесінде ашылған терезе тіркеу жазбасын қосуға, өзгертуге, өшіруге 
арналған. тіркеу жазбасын өшіру үшін тіркеу жазбасының атын белгілеп, 
өшіру батырмасын басамыз. Тіркеу жазбасын өзгерту үшін сол жазбаны 
белгілеп, «Қасиеттері» пернесін шертеміз. Онда пайдаланушы атын, ол 
туралы ақпараттарды және парольді өзгертуге болады. Пайдаланушыға қандай 
да бір операцияларды орындауға рұқсат беруге немесе бермеуге болады.
4.3.2 Жаңадан тіркеу жазбасын құру үшін «Пайдаланушылар және 
топтар» терезесінен «Пайдаланушы қосу» пернесін қолданады. Нәтижесінде 
жаңадан пайдаланушы қосу терезесі ашылады. Оның бір ерекшелігі - мұнда 
жаңадан қосылған пайдаланушының администратор немесе қарапайым 
пайдаланушы екендігін анықтайтын профиль тізімі бар. Жаңадан құрылған 
тіркеу жазбасымен қатар сол аттас топ пайда болады.
4.3.3 .root тіркеу жазбасымен жұмыс жасауды қарастырайық. Қауіпсіздік 
шарасы ретінде root тіркеу жазбасы өшірулі. Бірақ, арнайы командалар 
көмегімен оны іске қосуға болады. Егер root мүмкіншіліктерімен команда 
орындау қажет болса, онда терминалдан келесі команда теріледі:


17 
sudo команда 
Бұдан соң сіздің құпия кодыңыз сұралады:
Password: 
Енгізген символдар экраннан көрінбейді. Парольді енгізіп, Enter 
пернесін басасыз.
Root құқығына ие графикалық бағдарламаларды жүктеу үшін gksudo 
бағдарламасын пайдаланған жөн. Себебі sudo графикалық бағдарламалармен 
тиімді жұмыс жасай алмайды және біршама уақыт өткен соң экранға қате 
туралы мәлімет шығады. 
4.4 Бақылау сұрақтары
 
4.4.1 Тіркеу жазбасы дегеніміз не? 
4.4.2 Root тіркеу жазбасының ерекшелігі неде? 
4.4.3 Көппайдалынушық қандай мүмкіндіктер береді? 
4.4.4 Тіркеу жазбасын қалай өзгертуге болады? 
4.4.5 Пайдаланушы қосу терезесінің ерекшелігі неде? 
4.4.6 Root құқығына ие графикалық бағдарламалар қалай жүктеледі? 
4.4.7 Пароль енгізудің ерекшеліктері қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет