Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу


Зертханалық жұмысты орындау реті



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Практикалық жұмыстар

13.3 Зертханалық жұмысты орындау реті 
 
13.3.1 Anarcon тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау үшін Жүйе 
– Администрациялау – Қызметтер командасы қолданылады. Anarcon 
тапсырмаларды жобалаушының негізгі файлы: /etc/anarcrontab. 
13.3.2 Atd тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау: at уақыт 
[мерзім]. Егер мерзім көрсетілмесе, онда командалар сол күннің көрсетілген 
уақытында орындалады деп есептеледі. Enter пернесін басқаннан соң 
көрсетілген уақытта орындалуы қажет командалар тізімі енгізіледі. Енгізуді 
аяқтау үшін Ctrl+D қолданылады. 
13.4 Бақылау сұрақтары 
13.4.1 Тапсырмаларды жобалаушы дегеніміз не? 
13.4.2 Тапсырмаларды жобалау не үшін керек? 
13.4.3 Anarcon тапсырмаларды жобалаушының атқаратын қызметі
қандай? 
13.4.4 Atd тапсырмаларды жобалаушы қызметінің ерекшелігі неде?
13.4.5 /etc/anarcrontab қандай файл? 


38 
13.4.6 Енгізуді аяқтау командасын көрсетіңіз. 
13.4.7 Орындалуға кезекте тұрған тапсырмалардың номерін қалай
көруге болады? 
14 Зертханалық жұмыс
 
№ 14. Резервті көшірме алу 
 Жұмыстың мақсаты: резервті көшірме алу. 
14.1 Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар 
 
1) Резервті көшірме алу. 
2) Резервті көшірмені сақтау. 
 
14.2 Теориялық мәліметтер 
 
Кез-келген операциялық жүйеде жұмыс істеген кезде маңызды 
ақпараттың резервті көшірмесін жасау қажеттігі жиі туындайтыны белгілі. 
Ондай жұмыс үшін архиватор-бағдарламалар және сығу бағдарламалары 
қажет. 
Линукс ОЖ-нің жеткізу жинағына негізінде бірден бірнеше архивтеу 
және/немесе сығу бағдарламалары кіреді. Бірақ Unix-like ОЖ үшін tar 
архиваторы және gzip(GNU zip) сығу бағдарламасы de facto стандарты болып 
табылады. 
Tar (GNU tar – GNU tape arhiver) – архивтер жасауға арналған 
бағдарлама. Қазіргі заманғы tar сығуды қамтамасыз етеді, бірақ Линукс пен 
Юникстің ертерек версияларымен сәкестендіру үшін, сығылған tar архивін 
қолданған дұрыс, немесе оны сығу утилиттарының біреуін жасаған соң сығуға 
болады.
Tar архиваторының көптеген параметрлері мен қасиеттері бар. Біз 
олардың ішіндегі ең көп қолданылатынын қарастырайық: 
-c – архив жасау; 
-r – файлдарды архивке қосу; 
-A – tar-файлдардың құрамын архивке қосу; 
--delete – файлдарды архивтен жою (архивтік ленталарда қолдану 
мүмкін емес); 
-t – архивтегі файлдар тізімін шығару; 
-x – архивтен файлдар шығарып алу; 
-f – ақпарат файлдан шығарылып алынатын болады; 
-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. 
Gzip options filename - файлдарды компресстеу (сығу) утилиті. filename 
файлын сығуды, декомпресстеуді жүргізу немесе options қасиеттеріне сәйкес 
басқа да қатар әрекеттер: 
тек қана файл атауы – осы файлды сығады; 
-d – файлды декомпресстеу; 


39 
-t – архивтің бүтіндігін тексереді; 
-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. 
Көптеген файлдардан сығылған архив жасау үшін бірден осы екі 
утилитті каналдар арқылы ақпараттар жіберу арқылы қолданыңыз немесе 
оларды командалық жолдардан тізбектеп жіберу арқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет