Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу


Зертханалық жұмысты орындау реті



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Практикалық жұмыстар

 
12.3 Зертханалық жұмысты орындау реті 
 
12.3.1 Шартты операторлармен жұмыс жасау. Шартты көшу операторы 
жағдайында таңдалынған оператор тек қайсыбір шарт ақиқат болса ғана 
орындалады. Егер шарт жалған болса, else сөзінен кейінгі оператор 
орындалады. Оператордың толық жазылуы:
if 1-шарт then 1-оператор elif 2-шарт then 2-оператор else 3-оператор fi 
12.3.2 Циклдермен жұмыс жасау. Bash интерпретаторы қайталанушы 
құрылымды алгоритмдердің төрт түрін қамтиды. Олар: For, While, Until және 
select. 
for операторының жалпы түрі: for айнымалы in 1-тізім do 2-тізім done
While операторының жазылуы: While 1-тізім do 2-тізім done
12.3.3 Күрделі сценарий құру: Жүйе – Параметрлер – Сеанстар - Құру 
12.4 Бақылау сұрақтары 
12.4.1 Шартты оператор дегеніміз не? Олардың түрлері. 
12.4.2 Цикл дегеніміз не? Циклдік операторлар. 
12.4.3 Күрделі сценарий қалай құрылады?
12.4.4 for операторының жалпы түрде жазылуын көрсетіңіз. 
12.4.5 While және Until командаларының айырмашылығы қандай? 
12.4.6 Цикл параметрі дегеніміз не? 
12.4.7 Шартсыз көшу операторы дегеніміз не? 
 
13 Зертханалық жұмыс
 
№ 13. Тапсырмаларды жобалау 
 
Жұмыстың мақсаты: тапсырмаларды жобалау. 
 
13.1 Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар 
 
1) Anarcon тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау. 
2) Atd тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау. 
13.2Теориялық мәліметтер
 
Көп жағдайда бірнеше тапсырманы қайта-қайта жүктеу қажеттілігі 
туындайды. Егер ол тапсырмалар күнде жүктелетін болса, онда 


37 
тапсырмаларды жобалаушыны қолдану қажет.
Ол үшін Жүйе – Администрациялау – Қызметтер командасы 
қолданылады. Қызметтер тізімін қарастырсақ, Anarcon және Atd 
тапсырмаларды жобалаушыларын көреміз. Anarcon ұзақ мерзімді тапсырмалар 
тізімін қолдану үшін, ал Atd тапсырмаларды жобалаушы белгілі бір уақыт 
аралығында ғана тапсырмалар тізімін қолдану үшін пайдаланады. 
Atd тапсырмаларды жобалаушы көмегімен бір команданы белгілі бір 
уақытта орындауға болады. Мысалы, компьютерді 23.55-те өшіру.
Anarcon тапсырмаларды жобалаушының негізгі файлы: /etc/anarcrontab.
Atd тапсырмаларды жобалаушыны пайдалану жеңіл. Ол үшін келесі 
команданы енгізу жеткілікті:
at уақыт [мерзім] 
Егер мерзім көрсетілмесе, онда командалар сол күннің көрсетілген 
уақытында орындалады деп есептеледі. Enter пернесін басқаннан соң 
көрсетілген уақытта орындалуы қажет командалар тізімі енгізіледі. Енгізуді 
аяқтау үшін Ctrl+D қолданылады.
Орындалуға кезекте тұрған тапсырмалардың номерін көру командасы: 
atq. Келесі команда көрсетілген номерлі тапсырманы өшіреді: 
atrm тапсырма номері 
Мысалы: at 11:55pm жазылуы команданың орындалу уақыты 11:55 
екендігін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет