94
екіншілік құрылым жəне электрлік заряд бөлуге мүмкіндік береді
жəне де бұл параметрлер жеке немесе бірігіп шыға алады.
Биологиялық макромолекулалар – белоктар, нуклеин қышқылдары,
полисахаридтер жəне т.б. су ерітіндіде нақты электрлік зарядтарды
тасымалдайтын бөлшектер түрінде болады. Макромолекула заряды
оның құрамдарына кіретін электролиттік диссоциацияға қабілетті
топтармен анықталады. Топтардың диссоцияция дəрежесі көптеген
жайттарға, оның ішінде ортаның рН-ына тəуелді. Сонымен бірге
биологиялық макромолекуланың ортақ заряды басқа молекулалармен
немесе иондармен өзара əрекеттесуінде өзгере алады.
Электрофорез белоктарды жəне нуклеин қышқылдарын талдау
тазартуға өте кең қолданылады. Бір жағынан, бұл əдіс басқа зарядталған
биологиялық молекулалар – қанттар, амин қышқылдары, пептидтер,
нуклеотидтер жəне т.б. қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда белоктарды,
нуклеин қышқылдарын жəне олардың бөліктерін фракциялау үшін тек
қана гель-электрофорезді қолданады. Агароза жəне полиакриламидті
(ПААГ) гельдер кең пайдаланылады. Полимердің концентрация-
сын езгертіп, кеуек өлшемдері өрісімен гельдерді алуға болады. Со-
нымен қатар буфердің рН-ы өзгеруі арқылы макромолекулалардың
электрлік зарядтарын, ал олардың кескініне (конфигурация) буферге
денатурациялайтын заттарды немесе детергенттерді қосуымен өзгерту
мүмкін. Сұйық фазалардың басқа тасымалдаушылары ретінде целлю-
лоза ацетатының қабыршақтары, қағаз сүзгілер, силикагельдің жұқа
қабаты, полисахарид, сефадекс жəне т.б. пайдаланылады. Мысалы, те-
мен молекулалық заттардың бөлінуі бұл жүйелерге кейбір жағдайларда
өз артықшылығын береді.
Достарыңызбен бөлісу: