88
2.5-сурет. Белоктарды тазалау үшін жоғары тиімді сұйықтықты
ионалмасушы хроматографиясының (ЖТСХ) типтік орнатылуы.
Үлгіні жүктемеден кейін (екпе ине көмегімен) үлгіні элюциялау үшін
сорғыш арқасында тұздың градиентін құрайды (Б. Нолтинг, 2005)
Айта кететін жайт – бұл тəжірибелік жұмыста бөлу бір-бірден емес,
бір уақытта бірнеше механизммен жүргізіледі. Сонымен, эксклюзиялық
бөліну адсорбциялық тиімділік пен адсорбциялық-таратушы жəне
керісінше күрделенген болуы мүмкін. Сонымен қатар үлгіде иони-
зация, молекулалық массасы бойынша, негіздік жəне
қышқылдық
деңгейі бойынша, поляризациялануы немесе басқа параметрлері бо-
йынша заттардың айырмашылығының неғұрлым көп болуы бұл заттар
үшін бөлінудің басқа механизмдерінің шығуына соғұрлым мүмкіндік
туғызады.
Іс жүзінде кең таралған хроматография бұл «айналмалы фазалық»
хроматография (таратушы) болып табылады, мұнда қозғалыссыз фаза
полярлы емес, ал қозғалмалы полярлы (яғни, керісінше, «тура фа-
залы» хроматография). Сұйықтықты хроматографияның принципі
қоспа бөлшектерін бөлу болып табылады жəне бұл, негізінен, олардың
екі араласпайтын фаза арасында тепе-тең
тарату айырмашылығына
негізделген. Бұл фазалардың біреуі – қозғалыссыз, ал екіншісі –
қозғалмалы.
89
Үлгіні талдау үдерісі екі кезеңге бөлінеді:
1. Үлгілерді құрастырушы бөлшектерге бөлу.
2. Əрбір бөлшектің құрамын детектрлеу жəне өлшеу.
Бөлу хроматографиялық бағаналар көмегімен орындалады, яғни бұл
бағаналар сорбентпен толтырылған түтікшелер арқылы ұсынылады.
Хроматографиялық бағана арқылы талдауды жүргізу кезінде белгілі
құрамды сұйықтықты тұрақты жылдамдықпен береді. Осы ағымға
үлгінің нақты, тура өлшенген мөлшерін енгізеді.
Хроматографиялық бағанаға енгізілген үлгілердің құрамдас
бөлiктері олардың сорбенттерге əркелкі
туыстықтарының арқасында
бағаналар онда əртүрлі жылдамдықпен жылжиды жəне əртүрлі уақыт
кезеңінде детекторға жетеді.
Сөйтіп, хроматографиялық бағана бөлшектерінің бөлінуінің
селективтілігіне жəне тиімділігіне жауап береді. Бағаналардың əртүрлі
тұрпатын таңдай отырып, талданатын заттардың бөліну деңгейін
басқаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: