123
Жұмыс жасау барысы: 1 г өсімдік материалын (көбіне
жапырақтарды) құрамы 1 М NaCl,, 25 мМ MgCl, 0,5 М ацетат натрий,
20% этанолда 3% SDS бар, (рН 6,0). 5-7 мл буферде гомогенизация-
лайды. 37ºС 30 мин бойы инкубациялайды. Инкубациялау уақытында
түтiктi бірнеше рет араластырады. Тең көлемдегі хлороформ қосып
жəне бес минут көлемінде араластырады. 15 мин 400 айналымда (g)
центрифугалайды. Құрамында РНҚ бар сулы фазаны жаңа түтiкке ау-
ыстырады жəне 1/10 бөлік мөлшерде 3 М ацетат натрий (рН 5,2) қосады.
Араластырады жəне тең көлемде салқын изопропанол қосады. Қайта
араластырады жəне -20ºС 15-30 мин барысында инкубациялайды. Бес
мин көлемінде 6000 айналымда (g) центрифугалайды. Тұнбаны бірнеше
рет 70 % этанолмен шаяды, кептіреді жəне құрамы 10 мМ Трис, 1 мМ
ЭДТА, немесе дистилденген су ТЕ буфермен ерітеді. Бұл қарапайым
тəсіл өсімдіктердің вирустармен, вириодтармен зақымданғанын тексе-
ру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: