1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Вестибулярлық анализатор. Дененің кеңістіктегі және оның қозғалу кезіндегі



Pdf көрінісі
бет64/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

67.Вестибулярлық анализатор. Дененің кеңістіктегі және оның қозғалу кезіндегі 
жағдайын бағалаудағы рөлі. 
100%
 
Вестибулярлық анализатор – адамның кеңістікте қозғалысын бағдарлауда маңызды роль 
атқарады. Ол өзінің орталаығына бастың қозғалыстарын, қозғалыстың жылдамдатылғаны 
және баяулағаны жөнінде ақпарат жеткізіп отырады.
Анализатордың 3 бөлімі ажыратылады:


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
Перифериялық/шеткі бөлімі – самай сүйек лабиринтінде орналасқан вестибулярлық 
аппарат болып табылады. Вестибулярлы аппарат – кіреберіс бөлімінен және 3 жартылай 
шеңберлі(полукружный) немесе имекті каналдардан тұрады, 3 канал 3жазықтықта 
орналасқан. Лабиринтте тағы да ұлулы дене орналасады, онда вестибулярлы аппараттың 
рецепторлары орналасады. Имекті каналдардың ұшы кеңейіп, ампула құрайды, 
ампулаларда сезімтал рецепторлар орналасады. Ампуладағы эндолимфа қозғалғанда, 
рецепторлар бір бағытқа қарай иілсе – қозу, ал қарама-қарсы жаққа қарай қозғалса – тежелу 
пайда болады. Ампулада қозу процессі пайда болған кезде, рецепторлық потенциал пайда 
болады да, ол вестибулярлы аппараттың нерв талшықтарына сигнал жібереді. 
Вестибулярлық аппаратта пайда болған қозулар кеңістікте басты бұрған сәтте тежеледі.
Вестибулярлы аппаратта, сонымен қатар 2 қапшық орналасқан, олардың біреуі – жартылай 
шеңберлі/имекті арналарға жақын, ал екіншісі – ұлулы денеге жақын орналасқан. 
Қапшықтарда 
отолиттік 
аппарат 
орналасады, 
ол 
аппараттарда 
екіншілік 
механорецепторлар орналасқан. Вестибулярлы анализатордың перифериялық бөлімі 
қапшықтарда орналасқан 1 ұзын және 60-80 майда түктермен аяқталады. Түктердің 
майысуынан вестибулярлы аппарата қозу пайда болады.
Өткізгіш жолдары – Бахтерев, Дейтерс-Швальбе ядроларынан өтіп, сопақша ми, мишық, 
ортаңғы ми, таламусқа дейін барады. Вестубулярлы ядролар орналасатын нейрондар тірек-
аппаратының қозғалыстарын бақылап, қимыл-қозғалыстардың жүзеге асуыан қамтамасыз 
етеді. Олардың бақылауында – вестублулярлы-жұлын, вестиулярлы-вегетативтік, 
вестибулярлы – көзқимылдатқыш әсерленістер болады. Аталған әрбір әсерленістер белгілі 
бір органдардың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Вестибулярлы-жұлын әсерленісі – жұлын нейрондарының белсенділігінің өзгерістерін 
қамтамасыз етіп, бұлшық еттер мен рефлекторлы реакциялардың тонусының жоғарылауын 
қамтамасыз етеді.
Вестибулярлы-вегетативтік әсерленіс – асқазан-ішек, жүрек-қантамыр жүйесінің 
қызметтерін бақылауға алады. Вестибулярлы анализаторға ұзақ уақыт бойы күш түскенде 
аталған органдарда патологиялық көріністер пайда болады.
Вестибулярлы-көзқимылдатқыш әсерленіс – көз нистагмын қамтамасыз етеді. Көз 
нистагмы – көздің қарама-қарсы жаққа қарай баяу қозғалыстарын, айналмалы 
қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде оның тепе-теңік сақтауда атқаратын маңызы 
зор.
Орталық бөлімі – мидың үлкен жартышарларының артқы постцентральды орталықтары.
Вестибулярлы сенсорлық жүйе адамның көзі жұмулы болып, пассивті орын ауыстыру 
кезінде де денені кеңістікте бағдарлап тұрады. Мидық қыртысты аймақтарының көмегімен 
лабиринтті бөлік қозғалыстарды, жүріп өткен жолдарды талдап, есте сақтайды. Қалыпты 
жағдайда адамның кеңістікте бағдарлануы көз және вестибулярлы анализатоларының 
көмегімен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет