А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет25/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары. Әр пәннің 
тақырыптық сабақ жоспары бір оқу жылына арналған күнтізбелік жоспар 
негізінде жасалатыны белгілі. Күнтізбелік жоспар тікелей пәннің оқу 
бағдарламасы негізінде жасалады десек те, күнтізбелік жоспарды түзуде 
мұғалімнің әдістемелік ізденістері мен тақырып аясында қарастырылатын 
ӛзіндік пайымдауларына жол беруге мүмкіндігі бар. Айталық оқу бағдар-
ламасындағы автордың тақырыптас шығармаларын жұптай ӛткізуді 
жоспарлау, оны күнтізбелік жоспарда ӛтілу ретіне қарай ұсыну. Мәселен, 5 
сынып бағдарламасы бойынша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген оқу қазақ 
тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарына 
арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы) Мағжан Жұмабаевтың 
«Балалық шақ», «Қысқы жолда», «Сағындым» ӛлеңдеріне 2 сағат белгілен-
ген. Үш тақырыпты екі сағатқа жоспарлау үшін, қалай болғанда да, бір сағат-
қа екі тақырыпты жұптап ӛткізуге тура келеді. Сондай-ақ 6 сыныпта Абайдың 
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кіріп бойды алар», 
«Әсемпаз болма әрнеге», «Отыз бірінші қара сӛз» шығармаларына 3 сағат 
белгіленген. Бағдарламадағы ақынның тӛрт тақырыптағы шығармасына 3 
сағат белгіленуі бағдарламалық ұтқырлық деуге сая қоймайды. Осындай 
сағат санының тақырып санынан кемдігі тӛмендегі мысалдардан да кӛрінеді. 
6 сыныпта Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» , «Қазақ тілі» ӛлеңдері-
не 1 сағат; Ілияс Жансүгіровтің «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» ӛлеңдеріне 
1 сағат; Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара ӛлең», «Елім барда», 
«Анау-аспан, мынау-бақ» ӛлеңдеріне 2 сағат; Жамбыл Жабаевтың
«Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» ӛлеңдеріне 2 
сағат; Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым», «Қамаудан», «Сыр сандық» 
ӛлендеріне 2 сағат; Ілияс Жансүгіровтің «Әнші», «Ағынды менің Ақсуым», 
«Бӛбек бӛлеу» ӛлеңдеріне 2 сағат; 8 сыныптағы Махамбет Ӛтемісұлының 
«Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», 
«Жалғыздық» ӛлеңдеріне 2 сағат; Абай Құнанбаевтың «Адамның кейбір 
кездері», «Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы», «Әбдірахман ӛлгенде», 
«Әбдірахман ӛліміне», «Он жетінші қара сӛзі» сияқты 5 тақырыпқа 4 сағат; 
Жамбыл Жабаевтың «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды», «Сұраншы 
батыр» дастанынан үзіндіге 2 сағат белгіленген. Мұндай мысалдарды ӛзге 
сыныптарға қатысты да айтуға болады.
Дегенмен мұндайда мұғалім ӛз тәжірибесіне, жеке пайымына сүйену 
қажеттігі кӛрінеді әрі шығармашылық ізденіс керектігі айқындалады. 
Абайдың табиғат лирикаларын жұптай оқыту, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 


49 
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» сияқты лирикалық қаһар-
маның ішкі әлемін танытатын шығармаларды біріктіре оқыту немесе тақы-
рып жағынан бірін бірі толықтыратын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адам-
дық борышың», «Жолама қулар маңайға», Абай Құнанбаевтың Әбдірахман 
ӛлгенде», «Әбдірахман ӛліміне» сияқты шығармаларды біріктіре оқыту 
қажет. Бағдарлама бойынша кейбір дербес сағат бӛлінген тақырыптарды да 
жұптау, шоғырландырып оқыту мазмұны мен құрылым жүйесі, тілі жағынан 
күрделі кӛлемі жағынан ауқымды танылған ӛзге шығармаларға кӛбірек 
уақыт ығыстыруға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, күнтізбелік жоспарды 
түзудің басты ұстанымдары ретінде бағдарламаға енген оқу материалының 
мазмұнымен толық танысу, шығармалардың идеялық, танымдық, тақырып-
тық қырларын алдын-ала зерделеуді ерекше атауға болады. Себебі кӛбіне 
сәтсіз күнтізбелік жоспарлардағы кемшіліктер оқу материалын алдын-ала 
електен ӛткізбеу салдарынан туындайтыны жасырын емес.
Бағдарламада бірнеше сыныпта оқытылатын классик қаламгерлердің 
шығармашылығының сыныптар бойынша жіктелісін толық білу де күнтіз-
белік жоспарды түзу тиімділігіне ықпал етеді. 

Оқу пәнінің апталық жіктелісін анықтау; 

Бағдарлама бойынша жазба жұмыстарына бӛлінген сағат мӛлшерін 
анықтау; 

Оқу материалдарын апталық жүктемеге жіктеуде ӛткен сыныптар-
дағы оқу материалымен бірізділікті сақтау; 

Тақырыптарды белгілеуде жүйелілік ұстанымын сақтау; 

Бағдарламада кӛрсетілген оқушы біліміне қойылатын талаптар қажет-
тілігін ӛтеуді жоспарлау үдерісінде үнемі оқу-жұмыс бағдарында ұстау; 

Белгілі бір автордың тақырыптас шығармаларын жұптай оқыту есебі-
нен күрделі тақырыптарға сағат белгілеу мүмкіндіктерін қарастыру; 

Бірнеше сағат кӛлемінде оқытылатын күрделі оқу материалдарын 
сабақ типтеріне қарай жүйелеп кӛрсету. Мәселен, кіріспе сабақ типіне, жаңа 
білім қалыптастыратын сабақ типіне, қайталау-пысықтау сабақтарына, қоры-
тынды сабаққа лайықты тақырыптар ұсыну; 

Әр тақырып бойынша қамтылатын әдеби-теориялық мағлұматты 
ұсынуда жүйелілік пен бірізділікті сақтау, ӛзге тақырыптар бойынша да 
үнемі қайталап бекіту мақсатын кӛздеу; 

Сыныптан тыс оқытуға қатысты оқу-танымдық жұмыстарды ұйым-
дастыруға сағат бӛлу; 

Әр тоқсанда оқушылардың жазба тілін дамытуға арналған жұмыс-
тарды жоспарлау әрі жүйелеу; 

Оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау т.б. 
Күнтізбелік жоспарды түзуде оқу бағдарламасындағы аннотацияны 
бағдарда ұстаған орынды. Яғни ұсынылған тақырыптар бойынша қандай 
мәселеге басты назар аударылатыны бағдарламада айқын кӛрсетілген.
Әр тақырыпты ӛтер алдындағы дайындық жұмысы белгілі бір оқу-
танымдық үдерісті жобалау болып есептеледі. Сабақ үдерісінің ӛзі үлкен 


50 
жобалау жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Олай дейтініміз жоба 
жұмысындағыдай оқу-танымдық ізденіс жасалады. Атап айтқанда: 

Сабақтың мақсат-міндеттері айқындалады; 

Әр сабақ кезеңіндегі оқу-жұмыс қадамы уақыт мӛлшеріне бағдарла-
нады;

Сабақ тақырыбының мақсаты айқындалады

Баяндайтын материалды сұрыптап, тиісті қорытындылар жасалады; 

Тақырып мазмұнына қатысты ерекше назар аудартылатын басты оқу 
метериалы белгіленеді; 

Оқу-танымдық үдеріске тиімді әдіс-тәсілдер сұрыпталады; 

Сабақтың толық конспектісі әзірленеді

Сабақтың жүйесі ойластырылады; 

Дидактикалық материалдар дайындалады; 

Сабаққа қолданатын тиісті кӛрнекіліктер әзірленеді, т.б. 
Осы жобалау әрекеттерінің барысында сабақ жоспары түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет