А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет91/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
 
1.Драмалық шығармалардың ӛзіне тән қандай ерекшелігі бар? 
2.Драмалық шығармалардың мектеп бағдарламасындағы орны қандай? 
Оларды оқыту міндеті қандай?
3.Оқушылардың драмалық шығармаларды оқып қабылдау мүмкіндіктері 
қандай?
4.Драмалық шығарманы оқыту үшін 5-7 сыныптарда қандай даярлық 
жұмыстарын жүргізуге болады? 
5. Драмалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерін саралаңыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Дүкенбаев С.Х. Драмалық шығармаларды оқыту. – А., Мектеп. 1987. 
2.Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқытудың кейбір мәселелері // Қазақ 
тілі мен әдебиеті. 2006. № 3. 
1.Майман Р.Р. Практикум по методике преподавания литературы.М., 
Прос.1985 -103-с. 
2.Зепалова Т.С. Уроки литературы и театр. Москва, «Просвещение. 1982. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – А., Қазақ университеті. 1992. 
2.Станиславский К.С. Особенность драматических прозведениий. М., 1986. 
3.Никольский В.А. Методика преподования литературы в средней школе. М., 
1971, с 163. 
4.Қазақ драматургиясының очерктері. А., 1964, 85 бет. 
5.Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілеттерін 
дамыту. А., Рауан. 1994. 
ІV БӚЛІМ 
ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ ҤДЕРІСІНДЕ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҦМЫСТАРЫ 
ІV. 1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
1.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту – шығармашылық үдеріс. 
2. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар. 
3.Сӛйлеу тілін дамыту бағытындағы оқушы құзіреттеліктері. 
4.Тіл дамыту тапсырмалары. 
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту – шығармашылық үдеріс. Тіл 
дамыту жұмысы сӛйлеу әрекетінен басталып, адамның саналы ғұмырына 
ӛзек болатын, рухани қалыптасуы мен кемелденуіне ықпал ететін психо-
логиялық, философиялық, ғылыми –әдістемелік мәні бар мәселе.
Адам баласы қоғамық-әлеуметтік ортада ӛмір сүргеннен кейін оның 
қалыптасуы мен рухани әлемінің толығуына, тілдік қатынастың ықпалы зор. 
Адамның ойлау, сӛйлеу, қарым-қатынас жасау, ойын дәлелдеу немесе 


217 
дәйектеу, белгілі бір істерге жұмылдыру, иландыру, т.б. толып жатқан 
қарым-қатынас әлемі сӛйлеу әрекетіне тікелей байланысты болады.
Дұрыс сӛйлеу әрекеті адамның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуының 
белгісі, қоғамдағы табысының да критерийі. Сӛйлеу ӛмірдің барлық саласын 
қамтиды десек, сӛйлеу әрекетінің жақсы дамуы – адамның рухани ӛсуінің, 
кемелденуінің, қоғамның әлеуметтік және экономикалық ӛсуінің де кілті бола 
алады. Тілдік қарым-қатынаста адамның білімі, ӛзін-ӛзі ұстау мәдениеті, 
тыңдау және сӛйлеу мәдениеті шешуші рӛл атқарады.
Тіл мен сӛйлеудің адамдар қарам-қатынасындағы басты тірек екендігі 
айқын. Олай болса, сӛз бен сӛйлеу күнделікті ӛміріміздегі негізгі үдеріс. Осы 
үдерістің айналасында адамның ӛмір әрекеті соңына дейін жалғасып 
отырады. Сол ӛмір кезеңдерінде сӛз бен сӛйлеу коммуникативтік қызметтен 
ӛзге де функциялар атқарады. Ол адамның ана құрсағындағы кезеңінен, 
туғанынан бастап, ӛмірінің соңына дейін психологиялық күйіне, эмоциялық 
сезіміне, сеніміне, танымына, талғамына, түсінігіне, пайымдауына, күдігіне, 
күмәніне, рухына, күллі жан-дүниесіне әсер ете отырып, адамның да ӛзін 
ӛсіріп, дамытып, кемелдендіреді. Таным мен талғам биігіне кӛтереді. 
Логикалық ой жүйесінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Эстетикалық ләззат 
береді. Тілдің, сӛз бен сӛйлеудің ең биік тұғыры — шешендік сӛз деп 
танысақ, шешендіктің ӛзі дұрыс сӛйлеу әрекетінен басталады. Яғни 
шешендіктің құралы — сӛз, дұрыс үйлестірілген, қиюласқан сӛз бен сӛз 
жүйесі. Жүйелі сӛз жүйелі ойдан ғана туындайды. Сӛзін шашыратып жеткізе 
алмайтын адамның ойы да жүйесіз, ретсіз, шатасқан, ара жігі 
ажыратылмаған, толық логикалық үдеріс түзбеген деген ұғым бар. Себебі сӛз 
адам ойының жарияланған формасы. Әр сӛз бейтарап тұрып та басқа 
сӛздермен бірлікте де үлкен мағына арқалап тұратынын жақсы білеміз. 
Сонымен қатар сӛздің мағына жеткізуші қызметімен қатар адамның сана-
сезіміне әсерлік күші де жоғары. К.Салықовтың «Бір ауыз сӛз» ӛлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет