А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет92/102
Дата10.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#60872
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Бір ауыз сӛз қасіретті тияды
Бір ауыз сӛз айықпас дерт жияды. 
Бір ауыз сӛз әлемге әйгі еткізсе, 
Бір ауыз сӛз жаманатқа қияды. 
Бір ауыз сӛз мұхиттарды жалғайды, 
Бір ауыз сӛз ұран болып самғайды. 
Бір ауыз сӛз ұшса бақыт құсы боп, 
Бір ауыз сӛз арсыз жанды алдайды. 
Бір ауыз сӛз таң шолпанын әперер. 
Бір ауыз сӛз анаңдай боп мәпелер. 
Бір ауыз сӛз ұл туды деп қуантса, 
Бір ауыз сӛз әке ӛлімін әкелер. 
Бір ауыз сӛз жан тетігін табады, 
Бір ауыз сӛз мың әуреге салады. 
Қимас жандар кӛз жұмарда қоштасып, 


218 
Бір-ақ ауыз сӛз айтысып қалады
1
— деп сӛздің адамның ӛміріндегі 
рӛлін биік кӛрсетеді. Поэтикалық тілмен жазылған бұл ӛлең мәтіні бір ғана 
сӛздің, бір ауыз сӛздің әлеуметтік, эмоциялық мәнін түсіндіреді.
Адамның шебер сӛйлеуі, алғашқы баспалдағы дұрыс сӛйлеу, сӛзді 
дұрыс таңдау, ойды тұжырып, ықшам жеткізе білу дағдысынан басталады. 
Айтатын ойыңның мақсатына қарай сӛздерді дұрыс сұрыптап, ӛз орнымен 
реттеп, қиюластыру арқылы ғана ӛз ойыңды басқа жанға жеткізе аласың. Сӛз 
— ойдың киімі. Сӛз ойды жеткізудің ғана құралы десек, сӛздің мәнін 
тарылтқан болар едік. Дұрыс ой жеткізудің ар жағында сӛз арқылы басқа 
санаға ықпал ету, әсер ету әрекеті бой кӛтереді. Сӛздің құдіретті күші 
ертеден танылған, бағаланған. Сӛз мемлекеттің ірі істерінде мемлекет 
аралық қарым-қатынастарда, қоғамдағы әр деңгейдегі топтардың арасында 
күрес құралы болып келген. Қазақтың би-шешендері «Тоқсан ауыз сӛздің 
тобықтай түйінін» тауып, үлкен дуалы мәселелерді сӛзбен шешіп отырғаны 
осыған дәлел.
Оқушының сӛйлеу тілін дамытатын, шебер сӛйлеуге баулитын, ойды 
жүйелі баяндауға, сӛзді әсерлі құруға үйрететін, шебер сӛздік құрылымы мен 
техникасын танытатын – пән бар болса, ол – әдебиет пәні.
Адамның белсенді сӛйлеу әрекеті әдебиетті оқу үдерісінде жүзеге 
асады. Сӛйлеу әрекетін адамның моральдық-эстетикалық сенімі мен 
әрекетінен ажыратып қарауға болмайды. 
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту мәселесіне қатысты жазылған 
әдістемелік еңбектерді саралағанда байқағанымыз – әдіскерлеріміз тіл 
дамыту жұмыстарын оқушылардың сӛйлеу тілі мен жазба тілін дамыту 
бағытында бірлікте жүргізуді мақсат етеді. Әрі бұл мәселе қазақ тілін оқыту 
әдістемесі мен әдебиетті оқыту әдістемесіне ортақ зерттеу нысаны екен. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында кӛбірек тіл мәдениетіне қатысты 
қарастырылған. Шешендік ӛнер нысанын зерттеушілер де аталған мәселені 
айналып ӛтпейді.
Жалпы оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту тек белгілі бір пәндер 
аясында ғана зерттеліп, қарастырылады десек, кателескен болар едік. 
Жоғарыда айтып ӛткендей сӛйлеу адамның ӛмір бойғы әрекеті. Оқушының 
сӛйлеу тілін дамытуға барлық пәндер атсалысады.
Оқушылардың ауызша сӛйлеу тілін қалыптастыру олардың интел-
лектуалдық әрі мәдени сапаларын дамытумен байланысты іске асырылады. 
Мұнда оқушылардың даралық қабілеттері, таным белсенділігі, талғамы, 
ӛзіндік кӛзқарасы, қабылдау дағдысы, ойлау дүниесі т.б. толық ескеріліп, 
соған қатысты жүргізілетін әртүрлі жұмыстардың нәтижесінде сӛйлеу 
дағдылары дамып, қалыптасады. 
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту үш тарапта жүргізілетін жұмыс. 
Оның бірі, психолингвистік негіздегі сӛйлеу қызметінің теориясына қатысты. 
Екіншісі, ана тіл мен шеттілін оқып үйренудің заңдылықтарын 
зерттейтін лингводидактикалық бағыт. 
1
Салықов К. Шығармалар жинағы А., Жазушы. 1995. 145 б
.


219 
Үшіншісі, әдебиеттану мен сынның, шешендік ӛнер теориясын, кӛркем 
әдебиеттің мүмкіндіктерін қарастыратын әдеби-әдістемелік бағыт. Біздің
тоқталмағымыз, әдебиет пәнінің оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы 
мүмкіндіктері жайлы болмақ.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде оқушылардың сӛйлеу тілін мен 
жазба тілін дамыту мәселелерін қарастырған әдіскерлер (Ә. Қоңыратбаев, 
А.Кӛшімбаев, Р.Құтхожина, Қ.Бітібаева, Т.Жұмажанова, т.б.) тіл дамыту 
жұмыстарының әдіс-тәсілдерін кӛрсететі.
А.Кӛшімбаев: «Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты әдебиет 
сабақтарында да оқушылардың ауызша сӛйлеу тіліне талаптар қойылып 
отырады» дей келе, оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту әдіс-амалдарын 
сипаттайды
1
. Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары: 
1.Мәнерлеп оқу. 
2.Мұғалімнің ауызша не жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты, 
дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру
3.Оқылған шығарманың сюжетін баяндап айтып беру. 
4.Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап 
айтып беру. 
5.Оқытудың мазмұнын ауызша әңгімелеп айтып беру. 
6.Оқушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі. 
Байқап отырғанымыздай әдіскердің ұсынған әдіс-амалдарының денін 
ауызша мазмұндау жұмыстары құрайды. Ауызша мазмұндау жұмыстарының 
оқушының сӛйлеу тілін дамытудағы тиімділігі жӛнінде Ә.Қоңыратбаев та кӛп 
тоқталады. Әдіскер-ғалым ауызша мазмұндау жұмыстарындағы кейбір 
олқылықтарды айта отырып, мұғалімдер тарапынан ауызша мазмұндау 
жұмыстарын оқушыға қатысты ӛрістете жүргізу талаптарын қояды.
Р.Құтхожина тіл дамыту бағытындағы бірнеше жұмыс түрлерін 
кӛрсетеді
2

1.Сӛздікпен жұмыс. 
2.Мазмұндау: а) мәтінге жуық мазмұндау; ә) мәтін мазмұнын 
қысқартып (тезис түрінде) мазмұндау; б) мәтіндегі сӛйлеуші жақсы ӛзгертіп 
(бірінші жақтағы баяндауды үшінші не екінші жақта) мазмұндау; в) мәтіннен 
қажетті үзінділерді бӛліп мазмұндау; г) ауызша мазмұндау; д) сұрақ-жауап.
3.Кӛркем мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар; ә) күрделі жоспар.
4.Шығарма жаздыру: а) белгілі бір әдеби тақырыпқа шығарма жаздыру
ә) сурет бойынша шығарма жаздыру; б) оқушылардың ӛзі байқаған, кӛрген-
білгендері бойынша шығарма жаздыру; в) инсценировкалар құрастыру т.б. 
Әдіскер Т.Жұмажанова да осы аталған әдіс-тәсілдерді атайды
3
.
Байқап отырғанымыздай оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуға бағыт-
талған әдіс-тәсілдердің біразы 60 жылдардағы әдістемелік еңбектерде аталып, 
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., Мектеп, 1969. 202-203 б. 
2
Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп, 
1984. 6-б. 
3
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб. 


220 
жүргізіліп келе жатыр деп шамалауымызға болады. Әдістеме ғылымында 
дамыта оқыту технологиясы қарқын алып, әдіс-тәсілдер толығып келе 
жатқанымен, оқушылардың сӛйлеу тілі мен жазба тілін дамыту мәселесі әлі 
де айқын шешімін таппай келеді. Оның кӛптеген себептері де бар. Бүгінгі 
технология заманында оқушылардың сӛйлеу тілінің дамуына, кемелденуіне 
елеулі кедергілердің барын жоққа шығаруға болмайды. Олар: 
1.Күнделікті коммуникативті қатынастағы вербалдық жүйені техника 
тілі ығыстырып келе жатқандығы. 
2.Сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің (ауызша-сӛздік әдістерді басқа 
әдіс-тәсілдердің ығыстыра түсуі) түрленуі. 
3.Оқушылардың білімін тексеру кӛбіне тестіге негізделуі.
4.Оқыту үдерісіне компьютерлік технологияның басымдық жасауы. 
5.Оқушылардың кӛркем әдебиетті оқуғы қызығушылығының тӛмен-
деуі, содан келіп туындайтын сӛздік қордың оқушыда ӛз дәрежесінде қалып-
таспауы, сӛйлеу тілінің жұтаңдануы т.б. себептерді атар едік. 
Ендеше, оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту мәселесінің жаңа 
талаптарын, әдіс-амалдарын қарастыру керектігі айқын танылады.
Мектеп оқушыларының сӛйлеу тілін дамыту жұмыстары бойынша 
кӛбірек тиімділігімен танылған табысты жолдың бірі коммуникативтік іс-
әрекетке негізделеді десек қателеспейміз. Сондықтан тіл дамыту жүйесіне 
«сӛйлеу қызметі» деген психолингвистік термин енгізілген.
Сӛйлеу дағдысы сӛзге сүйенсе, сӛз ойдың жарыққа шығу формасы бола 
отырып, адамдардың қарым-қатынасының негізін құрайды. Сонда қарым-
қатынас адамның сӛйлеу әрекетін тудырушы негізгі түрткі ретінде таны-
лады.
Сондықтан әдебиет сабағында оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту 
жұмыстарын коммуникативті қызметке, қарым-қатынас үдерісіне сүйене 
жүргізудің мәні зор.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың лингводидактикалық бағыты 
сӛйлеу қызметін стильдік жағынан жетілдіре отырып шығармашылық 
үдеріске айналдыруды кӛздейді. Бұл үдеріс белгілі бір жаттығулар нәтиже-
сінде жүзеге асатыны белгілі.
Әдістемелік еңбектерді саралай отырып тіл дамыту мақсатындағы 
жаттығулардың негізгі бағытын анықтадық. Олардың бір тобына 
оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәтінді кӛркемдік ерекшеліктеріне 
қарай талдау қабілеттерін дамыту бағытындағы жаттығу жұмыстарын 
жатқызуға болады.
Келесі бір тобын сӛзді тиімді қажетіне қарай сұрыптап қолдана отырып, 
тыңдаушысына әсер ете алу қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар 
құрайды.
Енді бір бағыты сӛзді рӛлдік ойындарда тиімді қолдана білу, мақсатты 
түрде сӛйлеу әрекетін дамытуға бағытталған жаттығулар. 
Әдеби мәтіндерге ӛзіндік кӛзқарастары тұрғысынан қарап, сын-пікір 
айта білу қабілеттерін жетілдіру бағытындағы жаттығулар мен мәтіндегі 
сӛздердің танымдық астарына үңіле алатын герменевтикалық талдау жасауға 


221 
бағытталған жаттығуларды да әдебиетті оқыту әдістемесі аясында жүргізуге 
әбден болады. Ендігі кезекте оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың 
ұстанымдарын саралайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет