Адам аралық Қатынастар психолопіясы


Адамдардың бірін-бірі қабылдау мен түсінуі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата11.01.2023
өлшемі95,4 Kb.
#61002
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-67838

Адамдардың бірін-бірі қабылдау мен түсінуі.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың
бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу
натижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой пікірі.
Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын
және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал
психологиялық, бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез
бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен
әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі "Ат кісінесіп, адам сөйлесін" дегендей
әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның
жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған
қатынасымыздың сипатып айкындаймыз, оның даралық ерекінедіктерін
тануға мүмкіңдік аламыз. Адамды жөнімен таиын, дұрыс бағасын беріп,
овын әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол
тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз
бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз,
әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да
ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға
кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, еңді
оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз.
Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі адамның даралық
қасиеттеріне сәйкес болтаны жөн.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөніннде біз оның дене құрылымы,
психологиялық және қылық-әрекеттік белгілер бойынша топшылаймыз. Бұл
белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет-қылығынан, сөзінен, бет
әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен
психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен,
бұлардың екеуі қандай да өзара ықналды қатынаста. Әрқандай адам
жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық


көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене
құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді.
Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін
талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке
адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума
беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарга байпанысты адамдардың психслогиялық бейнесі
тұрақты келеді де, кебіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай
оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік
ішінде ажырата білеміз. Және бір тұрақты сақталатын қасиеттер - адам
мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері Осылар бойынша санамызда жасажан
образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.
Кейде кездейсок ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып
көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет-қыльнына мән бере, тіпті басқа біреу
екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның
мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді
байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам
бейнесінде үлкен рөл ойнайтын -мінез бітістері, екінші орында - адамның
сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер - адамның
қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз
адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт
көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік,
ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сүраққа жауап
ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін өзі түк
танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет қылықтары алдын ала
өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге,
мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекетттері ақыл оралымынан


алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетіп
сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оғаш
көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей
үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге
алады, не сайқы-мазаққа телиді.
Адам өзінің шындыққа келетіп сырт көрінісіпен басқа өзінің мінез
бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне
адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге,
адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-
қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан
немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық
бітістерін тіпті де білмейді.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс -әрекетіне болған
қатынасынан байқауына болады. Өз әрекет тері мен сол әрекетгеріе берген
басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен
сапаларын болжастыруына болады.
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс тану. Оның
мәні адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиетіер мен сапалар тұрғысынан
бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге танады, оның қылық-
әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл
бір адамға біткен мінезді екініңі адамға тана салуда да керінеді.
Осылайынша, басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді
қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұжа жөнінде бір жөнді
психологаялық мәлімет топтастыруымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет