түсетін бір белгі, заттың өзімнің жан-жақты білуім үшін затты сипаттайтын бұл
белгіні мен заттың өкілі етемін” (96. 405).
Сөйтіп, бар мағыналық жүк атаудың алғашқы екі компонентіне түсіп,
соңғы компоненттің мағына жалпылануы күшейеді, атаудың интенсионалды
мағынасы үстемдік алады. “Интенсионал мағына атаудың тегі мен түрін
анықтайды. Бұл мағына арқылы лексеманың пайда болу себебін ашуға болады”
(97. 262). Оның үстіне атаудың алғашқы сыңары
(аз қылтықты, бір ұялы, есек
аяқты) сын есім тудыратын -
лы, -сыз, кейде есімшенің
-қыш (ағаш кеміргіш)
жұрнақтарымен нақтылана, “бұл касиеттің тек осыған ғана тән” екенін мәндей
түсіп, жалпы мағынадағы, бірақ белгілі бір үлкен туыс атауын білдіретін
өсімдік, шөп, балық, құс сыңарларының грамматикалық тәсілмен (-лар
жалғауымен) “орын ауыстыруын” тездетеді. Сөйтіп, арнайы грамматикалық
көрсеткіші бар сын есім (
бітеу мүйізді, жарғақ қанатты) -лар қосымшасымен
номинативтенеді.
Негізінен, формасы бар көптік жалғауының берер мағынасы бірнешеу. Ал
бұл жерде: “сол сөз арқылы аталатын белгілі бір заттың тобы, жинағы туралы
ұғымды
жалпылап атап; сын есім, есімше формаларына қосылып, субстан-
тивтендіріп; ортақтық мағына беріп; “сол және басқалар” деген топтау ұғым
беріп, заттандыратын ” (18. 52-53.; 95.1 67)
-лар қосымшасының сөз
ұластыруышылық қабілеті жоқ емес. Мұндағы көптік
жалғауының ұластырғыш
қызметін ағылшын, орыс тіліндегі сөздерді біріктіретін екпін кызметімен
салыстыруға болады. Оны былай көрсетуге болады:
лар
лар
желбезек тынысты,
жарғақ қанатты.)
Әрі құрама атаудың терминдік мәнде жұмсалуы бірігу процесін тездететіні
бар. Сондықтан емле сөздіктерінде
- лар қосымшасымен келетін құрама
терминдерден басқасына регламент қойылады.
Тілімізде
ақ халаттылар, қоңыр портфельділер, қара тақиялылар сияқты
терминжасамның жоғарыдағы моделіне салынған метонимиялық, синекдохалық
қолданыстар бар. Бірақ олар бөлек тұлғалану формасын қабылдаған. Оның
себебі –
ақ халаттылар –
халаттылар, қара тақиялылар–
тақиялылар болып
қолданыла беруінен. Және
ақ халаттылардың дәрігерді,
қара тақиялылардың
қарияны,
қоңыр портфельділердің оқымысты, ғалым, шенеунікті атауға
трансформация жасауы тілімізде басталмаған құбылыс. Дегенмен, баспасөзде
шегіркөзділер, аққұлақтар, көккөзділер тәрізді қарапайым сөйлеу тіліне тән белгілі
бір референттің атаулары біріктіріліп те жүр.
Достарыңызбен бөлісу: