Жанды сыңарлы біріккен сөздер. Лексикалық бірліктердің маманданған
формант дәрежесіне өтуінің тағы бір мысалы –
жанды сөзінен көрінеді. ҚТТС-і
мұның мағынасын “құмар, әуес " деп берген (ҚТТС, 3т.). Ал
жанды сыңарлы
құрама сөздердің берер мағынасы басқаша. Мысалы:
ақынжанды, әйелжанды,
дүниежанды, ержанды, жаужанды, итжанды, қызылжанды, малжанды,
балажанды. Мұндағы кейбір композиттердің ғана тірек компонентін құмар
сыңарымен ауыстыруға келеді:
ақынқұмар, әйелқұмар, дүниекұмар, жауқұмар,
қызылқұмар, малқұмар, балақұмар. Синонимдес екі аффиксоидтың қатар
қолданыс табу себебін біреуінде бір зат, құбылыс, жалпы нысанаға деген әуес,
құмарлық, соңына түсу мағынасы белең алуынан, екіншісінде “жаны соның
үстінде, жаны сонымен бірге” сияқты экспрессивті реңк сипат алуынан деуге
болады. Субъект тарапына ұнамды көзқарас туғызады. Сондықтан аффиксоид
қатарына өткен -
құмар сөзімен қатар, бұл сөздің де жартылай жұрнақ
дәрежесіне жетуіне негіз бар.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: