Орыс тілінде БС-ді айырудың енді бір өлшемі бар. Ол – компоненттер
арасындағы қатынас: сыңарлар сабақтасып тұрса сөздер бірігеді, салаласып
тұрса компоненттер қосаралық арқылы бөлінеді (82. 18; 76. 139; 74. 145).
Басқаша айтқанда, композиттің бір сыңары жартылай мағыналы сөз болса сөздер
бірігеді. БС жасалуының соңғы стадиясы ретінде орыс әдебиеттерінде БС-дің бір
екпінге байлаулы болуы көрсетіледі. Негізінен, БС бен сөз тіркесін ажыратудағы
екпіннің ролі неміс тілінде күшті:
die Feststellung, feste stelle.
Тіпті орыс тілінде бір кездері біріктіру дегеннің өзіне қарсы пікірлер бой
көрсеткен. Сөздерді біріктіру олардың морфологиялық құрамын күңгірттендіріп,
дербес сөздердің мағынасын жұтандандырады, сөздер өз табиғи жолымен тұтас
тұлғалы бірлік болмай жатып, оларды біріктіру қиянат (85. 298)
деуінен орыс
тіліндегі БС-дер жасалуының табиғаты түркі, оның ішінде, қазақ тілінен өзгеше
екенін аңғарамыз.
Ал неміс тілінің сөзжасамында аналитикалық тәсілдің, композиттердің
орны ерекше болғандықтан, сөз тіркестерінің өзі предикаттық қатынастағы,
предикаттық емес қатынастағы құрылым және детерминативті композит болып
үшке бөлінеді (86. 100).
Бұл формалардың арасындағы айналым процесі үнемі композит
формасына, атаудың универб тұлғасына келіп ұласады. Мысалы:
das Waldhaus>
das Haus im Walde >das Haus steht im Walde (87. 59).
БС-дің сөзжасамдағы маңызы, негізінен осыдан, композиттердің бойына
ұғым белгілерінің жинақтала орналасуынан шығып жатады. Сондықтан оларды
неміс тілінде дефинициялық сөзжасам деп те атайды. “Дефинициялық сөзжасам
дегеніміз – зат пен кұбылыс белгілерінің атауға трансформация жасауы:
Kindesliebe>Liebe des Kindes zu semen Eltem. Күрделі
сөздің дефинициясы
ретінде лексеманы түсіндіретін сөйлем, сөз тіркесі құрылымдарын алуға болады.
Мұнда композит семантикасы мен оны түсіндіретін сөйлем семантикасы сәйкес
келеді” (88. 21,31).
Атаудың универб формасына ұмтылу уәждемесін іздеген неміс тіл
білімінде бірнеше еңбектер бар (89).
Онда композит тууының мынадай қажеттіліктері аталады: атау қажеттілігі;
атауларды уәждендіру қажеттілігі мысалы,
perron деген уәжсіз атауды
Sahnsteiq
уәжді универбімен атау тиімді саналады; тілді үнемдеу қажеттілігі; омонимдерді
азайту қажеттілігі (86., 25).
Сөйтіп, неміс тілінде предикаттық, предикаттық емес қатынастағы
құрылымдар а) идиомалану дәрежесі жоғарылағанда, ә) зат есім-зат есім, сын
есім-зат есім үлгілерінің атауыштық қызметі актуалданғанда, б) кумулятивтік ма-
ғыналары атау сипатына көшкенде, в) типтенгенде БС-ге айналады (86. 7-13; 90).
Неміс тіліндегі БС-дер қосымшалары редукцияланған негіздер қосылуы
арқылы жүзеге асады:
Geneimrat> Geneimerat>der Geneime Rat, яғни
“композитті біріктіруге қосымша грамматикалық мағынамен түрленбеген сын
есімнің түбір формасы қатысады” (91. 18).
Және екі негіздің арасын [s] фонемасы ұластырып тұруы арқылы пайда
болады:
augenbliksbildung т.б. Және екі сыңардың да
ауыспалы мағынада
қолданылып, бір денотаттың атауы болуы себепті БС туады:
Silberpappel
(серебристый тополь), Blindschus (холостой выстрел), Stattenante (задающаяся
тетка), Graukopf (седой человек), Grundschnabel (Молокосос), Schlafmutze
(человек в ночном колпаке) т.б. Негізінен неміс тіліндегі БС-дердің басты айырма
белгісі лекеманың бір екпінге бағынуы болып отыр.
Сөзжасамдағы композиттердің өнімділігі сонша, кейде
оккозионализмдердің көбеюіне, нормасыздыққа әкеліп жүр. Неміс тілінде оларға
арнайы термин де берілген:
Augenbliksbildung (бір сәттік жасалым),
Достарыңызбен бөлісу: