Орфографиясы


Сөз сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Сөз сыңарлы біріккен сөздер. Сөзбен қатысты бір алуан шектеулі
тіркестердің шегінде баспасөз, жарыссөз, келіссөз, қарасөз  композиттерінің
бірігіп жазылуына орай, бұл тұлғаны да шартты түрде жинақтаушы
құрастыруыш қатарына
қосамыз. Мұнда компоненттердің
экстралингвистикалық мәнділікпен – алғы сөз, соңғы сөз, қаратпа сөз, төл
сөз, төлеу сөз, қос сөз, құрама сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, өлең сөз, жұмбақ
сөз, шаршы cөз, жалпақ cөз, көркем cөз, жел сөз күрделі атауларындағыдай –
Д1Д1 қатынаста тұрмағанын трансформация әдісіне салып көз жеткізуге
болады: баспасөз – баспадан шығарылған газет-журнал; келіссөз екі
жақтың өзара келісім шарты.
Тас сыңарлы біріккен сөздер. Тас сыңарлы КС-дің біразы бүгінде
бірге таңбаланады. Бұлардың орфографиялануын проф. Р. Сыздықова
былай деп ретке салады: “mac сөзі өзінің тура мағынасын атамай, алдыңғы
сөзбен тіркесіп, белгілі бір минерологиялық, геологиялық заттардың
атауын білдірсе, термин болып келсе немесе бір заттың атын білдірсе,
біріккен сөз жасап, бірге жазылады: ұлутас, теміртас, көктас, құбылтас,
анартас, кеспетас, көбіктас, малатас, ләуліктас, тақтатас, бортас, зертас,
сынтас,құлпытас, обатас; тұмартас, есектас, шаңтас, құмтас, қойтас, жартас,
шағылтас. Ал mac сөзі өзінің тура мағынасында келіп, алдыңғы сөз оның
түрлі сын-сипатын білдірсе (малта mac, дөңбек mac, жақпар mac, мұрыншақ
mac, найза тас, серек mac, қой mac, үңгір mac, тектұр mac) алдыңғы компонент
осы мағынасында жеке айтылатын болса (қайрақ, шақпақ, меруерт, маржан,
лағыл), бөлек жазылады (25. 55).
Тас сөзін “таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі бөлшектері”
(ҚТТС, 9 т. 41-6.) деп алып, және олардың жоғарыда көрсетілгендей, найза
mac, жақпар mac сияқты түрлері бар десек, mac мағынасы тарылады.
Себебі туыс атау түр атауға көшеді. Егер “семантикалық тұрғыда сөз
мағынасының кеңеюі дегеніміз – сөздің идеографиялы стилистикалық,
эмоционалдық сипатын нақтылайтын кейбір дифференциалды
семаларының көмескіленуі болып табылса”, “онда сөз мағынасының
тарылуы дегеніміз – семантемаға дәл осындай ерекшеліктегі бірнеше


семалардың қосылуы болып шығады” (108. 84). Сөз мағынасы
тарылғандықтан ол өзінің алдыңғы компонентімен босаралықпен
байланысуы мазмұн межесінен шығады. Aл керісінше, бірігіп жазылатын
сөздерде mac мағынасы кеңейеді, яғни қатты зат семасы сақталады да,
таудың жынысы, үлкенді-кішілі бөлшектері деген семалары көмескіленеді.
Сөйтіп, алғашқы анықтаушы сыңары селбеседі. Бұған терминдік атау
болуы біріктіруді тездеткен. Дегенмен жоғарыдағы mac сыңарлы КС-
дердің универб формасына көшуі мүмкін болмайтын құбылыс емес.
Сол сияқты, mac негізді идиомалар бар. Мысалы: maс бауыр, mac
жетім, mac жүрек, mac керең, mac қараңғы, mac маңдай, mac түйін, mac
бұлақ, mac емшек т.б. Проф. Р.Сыздықова бұл қатарға байланысты былай
дейді: “тас зат есім ретінде қолданылуынан басқа, етістік, сын eciм, үстеу
сияқты сөздердің алдынан келіп, заттық ұғымда емес үстеулік мәнде
қолданылады, тас сөзі монғол тілінде “мүлдем, әбден, мықты” деген
мағынада жұмсалады. Қазақ тілінде өзге сөздермен еркін тіркесу
қабілетінен айырылған бұл көне сөз тек белгілі тіркес құрамында тұрып,
қолданылу кұқын сақтап қалған” (111. 150).
Біздіңше, бұл құнды пікір mac жетім, mac керең, тас қараңғы, mac
түйін тіркестеріне қатысты. Ал mac 6ayыр, mac жүрек, mac емшек, mac
бұлақ, идиомаларындағы сөз болып отырған компонент – mac сияқты
“қатты”, “суы* “меңіреу”, “қатыгез”, “мейірімсіз” деген ауыспалы
мағынаға көшкен, тілдің өз ішіндегі транспозиция жемісі. Уәжделген
коннотат пен денотаттық атаудан (К1Д1) тұратын атаулық фразеологиялық
тіркестер (номинативная фразео- сочетания) универбтену алдында. Мұнда
тау жынысының “қатты” деген дифференциалдық белгісі “суық” деген
коннотат мағынаға көшіп, экспрессивті мәнге ие болған. Мысалы: Апырай,
үйінен қара су татқызбайтын нағыз mac бауыр сараңның өзі болмаса нетті!
(Баязитов С., Алтын.); Таупиқ, бейшара mac жетім болып қала берді
(Аманшин Б., Көк жар. ); Тас жүрекпін деген жауынгерлердің де жүрегі
майда тілмен жібірліктей болды (Аялы жандар); Іңгәлаған үн mac керең болса
да, ана жүрегін қалай ғана жараламас екен (Мәдиев Б., Өрендер.); Кұдық
жұтқан mac маңдай Тасмағамбетке ұқсап, өмірмен мезгілсіз ерте
ажырасқаннан сақтасын (Сәрсенбаев О., Жиде.); Бұғыбай mac түйін болып
жөнделіп отырды (Омаров С., Өмір.).
Сөйтіп, mac сөзінің ауыспалы мағынасы монғол тілінде “мүлдем”,
“мықты”, “әбден” дегенді білдірсе де немесе “қатыгез”, “суық”,
“мейірімсіз” мағынасына ие болса да, валенттілігі шектеулі, санаулы
идиомалар құрамында ғана кезде с е тін, эмоционалды-экспрессивтік
реңкі басым, сондықтан бөлек тұлғаланатын сөзформа болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет