(ҚТТС,*2 т.) десек, оның
қол, он, мыт жүз, ру, түмен, көш, әскер, дуан
сыңарларымен валенттілік құруы уәжді болмақ.
Әрі олардың термин
мәнде жұмсалуы тіркесті жаңа бір мағыналық сатыға көтеріп, жиынтық
ұғым тудыруға, сөйтіп, универбтелуге әкеледі. Осы үлгімен
елбасы,
қалабасы, отбасы, топбасы универбтерінің қолданысы активтенді. Ал
сөз
басы, түлік басы, төл басы, мал басы, жан басы сияқты изафеттің екінші
типіндегі тіркестер бөлек тұлғаланады.
* * *
Жинақтаушы құрастыруыштар. Қазақ тіліндегі БС-дердің келесі
бір формалды белгісі деп
бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ, аяқ,
mac, сөз тұлғаларының алдыңғы компонентпен
бірге жазылу сипатын
аламыз. Оларды жинақтаушы құрастыруыштарға топтауға мынадай себеп
бар. Мұнда
бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ тұлғалары “бүгіннің
жалпыға ортақ бөлшегі ретінде жұмсалып, белгілі бір сөздің сүйемелі
арқылы ғана” (27. 60) заттың атауы болатын,
стандарт мағынадан гөрі
ұғымды жинақтау қызметін атқаратын, бір денотативке байлаусыз, көп
денотативке ортақ сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: