Аяқсыңарлы біріккен сөздер. Тілдегі аяқ сыңарлы шектеулі
тіркестердің ішінде саптыаяқ, жүкаяқ, итаяқ, шоқаяқ, мамаяқ, ысқаяқ, үшаяқ, шотаяқ,сияқты құрал атаулары, алаяқ, қоңылтаяқ сияқты ұғым атаулары
ҚТОС- інде бірге беріліп, аяқ сөзінің құрастырушылық сипаты көріне
бастады. Бұл аталған сыңардың көп мағыналығынан туындайды. Ал
“ағаштан ойып жасалынып, тамақ ішуге арналған ыдыс”(ҚТТС, 1-т.)
мағынасындағы аяқ сөзінің түр сынын, сыр сынын даралап, саралап,
нақтылап көрсету қажеттілігінен туындайтын шара аяқ, шыны аяқ, ағаш аяқ құрама атаулары қарын аяқ, сары аяқ, тұрақты тіркестері бөлек жазылады. Ал
адам, жан-жануардың жүретін дене мүшесі мағынасындағы аяқсөзімен
тіркескен жалаң аяқ, тобан аяқ, сыңар аяқ күрделі атауларының екі сыңары да
тура мағынасында жұмсалғандықтан анықтық-танықтық қатынаста
құрамдары ажыратыла көрсетілуі орынды. Осы қатардан орын алуға тиісті
қоңылтаяқ сөзінің алғашқы негізі коңылт дербес тұрып, үй қоңылтақсып тұр деген контексте бірлі жарым кездеспесе, дербес мағынасы жоғалып бара
жатыр. Сондықтан қоңылтаяқ атауы біріккен. Алаяқ, (адам) тіркесі тұтас
идиомаланып, әрі дерексіз мән алуына байланысты бірге тұлғаланып жүр.
Жалаң аяқ тіркесінің бөлек берілуін оның экстралингвистикалық
мәнділікпен Д
1
Д
1
қатынаста тұруынан, әрі жалаң сөзімен тіркесетін “бас”,
“бұт”, “қабат”, “төс” сыңарларының болуынан деп түсіндіруге болады.
Алайда жалаң сөзі- күшті валенттілік иесі. Бұл жерде жалаң болып тұрған
бас, бұт, төс, аяқ екені мәнді болмай, әйтеуір оның жалаңданып, кеміп
қалғаны маңызды мәнге ие болып отыр. Аталған сыңарларға қарағанда аяқ сыңарында мағыналық жылжу бар. Және жалаң аяқтың “кедейлену”, “күні
төмендеу” деген дерексіз мағыналары бар. Егер көптік жалғауын қоссақ,
тіркес тұтас идиомаланады. Сондықтан жалаң аяқ тіркесінің БС
жасамының соңғы процесінде жүргені анық.