Той сыңарлы біріккен сөздер. Той сыңарлы БС-дердің де сөзжасамдық
қызметі аңғарылады. Бұл компонент біріккен қоныстой, сүндеттой, мүшелтой, мерейтой, наурызтой, сабантой, қолатой, күмістой, алтынтой атауларының
бәріне ортақ стандарт мағына –“мереке, айтулы дата, жиын”. Мұндағы ортақ
сыңар экстралингвистикалық мәнділікпен Д1 емес, Д2 қатынаста тұрғанын
көруге болады: алтынтой отбасылық өмірдегі “ат шаптырып, ас берген, дырду-
думанды” емес, "адам өміріндегі айтулы күн, өмірдеректің бір беті” мағынасын
береді.
Ақы сыңарлы біріккен сөздер. Дербес қолданысынан гөрі КС- дің бір
сыңары болып қолданылуы жиілеген ақы сөзін де стандарт тұлға қатарына
жатқызуға мүмкіндік бар: жалақы, сыйақы, кіреақы, зейнетақы, жамбасақы т.б. Ақы сөзінің ҚТТС-індегі мағыналары мынадай: 1) істеген еңбек үшін
төленетін төлем, еңбек өтеуі; 2) бір заттың бағасы, нарқы, құны, соған лайықты
ақша, мал-мүлік; 3)аласы, алажақ;4)пара, ауызбастарық; 5) парыз, міндет, яғни
мағыналардың шектесетін ортақ тұстары көп. Бұл- мағыналардың
жалпылануына бастайды. Сонымен, ақы –әлеуметтік-экономикалық атау болса,
бұл сыңарлы БС-дер әлеуметтік терминдердің қатарын құрайды екен, яғни
аталған универбтердің бәріне ортақ мағына – “төлем, еңбек өтеуі. Тілімізде
бұрыннан бар көзақы, қолақы, жамбасақы, сүтақы бірліктерінің ізімен, сөздік
қорымызда алдымен қаламақы, еңбекакы, пәтерақы атаулары еркін
қолданысқа түсе бастады. Сирек болса да, үстеме ақы, кесімді ақы кұрамдары
ажыратыла беріліп жүр. Мұның себебі алғашқы компоненттің -ме, -імді қосымшалы болуына байланысты. Жаңадан жолақы (стоимость проезда)
сөзімен қатар, жүрімақы (проездной билет) атауы пайда болды. Зейнет ақы, қорымақы, кіреақы қолданысымызда берік орнықты. Ақы сөзінің
дербес қолданыстағы мағынасын төлем, ақша, пұл, төлеу, айлық сөздері
ауыстырды. Сөйтіп, ақы сөзі БС жасаудың бір тұлғасы қызметінде көбірек
қолданыс тапты.