Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Той-думанға баруға тиым салынғаны хақында



Pdf көрінісі
бет38/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Той-думанға баруға тиым салынғаны хақында 
Аллаһ 
Тағаланың 
тікелей 
тәрбиесіне 
бағынышты 
болған 
пайғамбарымыз көкесі Әбу Тәліптің қойын бағып жүрген тұста басынан 
өткен жайтты былай баяндаған: 
Мен жас кезімде басқа жерлестерім сияқты той думанға барып 
қызықтайын деп екі рет ойладым. Бірақ екеуінде де ойым жүзеге аспады. 
Аллаһ тыйым салды. Сонан соң пайғамбарлық құрметіне бөленгенше той-
думанға аттап басқан емеспін. 
Оқиғаны тыңдайық. 
Бір құрайыш жігітімен бірге Меккенің шет жағында қой (түйе) 
бағатынбыз. Түнде де кезектесіп малға қарауды әдетке айналдырған едік. 
Бір күні кешке жанымдағы жолдасыма "Мен бүгін қалаға барып, 
жастардың түнгі ертегі мәжілістеріне қатысқым кеп тұрғаны", - дедім. 
Жолдасым: "Бара бер, қойға мен-ақ иелік етейін", - деп жауап берді. 
Сөйтіп, мен Меккеге келдім. Қалаға кіре берісте-ақ бір жерде ән айтып, 
музыка ойналып жатқанын естідім. Сол күні қалада үйлену тойы өтуде екен. 
Ыңғайлы жерге отырып алып, тойды қызықтамақ болдым. Сол-ақ екен екі 
құлағым тарс бітеліп, ұйықтап кетіппін. Таңертең күн шақшиып түскенде 
ғана оянып, есімді жидым. 
Қойшы жолдасым қайтып келгенімде менен не көргенімді сұрады. Мен 
басымнан өткен жайды баяндап бердім. Ол да аң-таң. 
Тағы бірде дәл осылай той қызықтамақ болғанымда Қайтадан 
алғашқыдағыдай түк сезбей ұйықтап қалыппын. Осыдан кейін жәһилияның 
думандарына қатыспақ түгілі, жолауға зауқым соқпады. 
ШАМҒА САПАР 
Мұхаммед (с.а.у.) он екі жасқа толғанда көкесі Әбу Тәліптің тұрмысы 
тіпті нашарлап, ішіп-жемге тарығып қалады. Ол кезде Меккеден алыс 
өңірлерге сауда керуендері қатынайтын. Сол тұста Әбу Тәліп те саудамен 
айналысуға бел буады. Құрайыштықтармен бірге Шамға осы мақсатпен 
сапарға дайындалады. 
Керуен алыс жолға жан-жақты әзірленіп жатады. Мұхаммед (с.а.у.) 
көкесінің де кететінін естігенде, көңілі құлазып сала береді. Әкесінен де, 
аяулы анасынан да осындай сапар соңында мәңгіге айрылған бала көңілі 
саяхат десе өрекпи жөнелетін, не де болса көкесімен бірге кеткісі келеді. 
Бірақ бұл ойын жеткізудің амалын таба алмайды. Ақыры уақыт жақындаған 
соң көкесіне ішіндегісін бүкпесіз айтып салды. 


60
"Көкешім-ау, ұзақ сапарға аттанып барасыз. Мені кімге тастап 
кетпексің? Мұнда менің әкем де, шешем де жоқ қой", - деп жылап жібереді. 
Көз жасы моншақтап төгілген бауырын құшағына алып көңілі босаған Әбу 
Тәліп дереу шешім қабылдады. Мұхаммед те керуенге қосылатын болды. 
Баланың қуанышын көзінен оқуға болар еді. 
...Керуен жолға шықты. Шөл далада ұзақ жүрген соң Бусра деген жерде 
тоқтап, тынығып алмақ болды. Бусра - меккелік керуендер жыл сайын 
тынығатын, суы мен нуы мол тоғыз жолдың торабында жатқан мекен. 
Бусраның жәрмеңке алаңына жақын орналасқан шіркеуде Бахира есімді 
монах бар-ды. Ол христиандардың арасынан шыққан, білімділігі үшін жұрт 
оны құрметтеп, қастерлейтін. Сол шіркеуде ескіден сақталып келе жатқан 
киелі кітап болған, содан пайдаланып, ғибадат еткендер аса білімділігімен 
ерекшеленетін. Әрине, оның сыры тек монахтарға ғана мәлім еді. 
Құрайыштың керуені жылдағы әдеті бойынша әлгі шіркеудің маңына 
тоқтайды. Жыл сайынғы сапарларында сәлем-сауқатпен ғана шектелетін 
Бахира адам танымастай өзгеріп, оларға ерекше ілтипат көрсетіп қарсы 
алады. Құрайыштар әуелгіде секемденіп, сонан соң таңданып қалады. Монах 
оларға арнайы дастарқан жайып, қазан көтертеді. Керуеншілер мән-жайды 
түсінбей аң-таң. 
Білімді монах құрайыштардың керуенінде бұрын-соңды байқалмаған 
құбылыстың куәсі болған-ды. Шіркеудегі орнынан құрайыштың керуенін 
тамашалап отырып, бір шөкім бұлттың олардың төбесіне көлеңке түсіріп 
жүргенін байқайды. 
Керуен тоқтап ағаштың көлеңкесіне тынықпақшы болғанда әлгі бұлт 
ағаштың үстінен көлегейлеп тұрады. Бұл құбылыстың тегін еместігін 
ұғынған монах керуендегілерді асқа шақырып, көрген-білгенінің анық-
қанығына көз жеткізу үшін жолаушыларға хабар жолдайды: 
"Ей, меккеліктер, сіздерге арнап дастарқан жайдым. Үлкен-кіші біріңіз 
қалмай келіп, дәм татыңыздар". 
Құрайыштықтар 
да 
үндемей 
қалмады, 
Бахирадан 
мұнша 
меймандостығының себебін сұрады. Монах жай ғана: 
"Сіздердің қонақ екендіктеріңіз рас. Бір дәм ұсынайын дедім. Ал, астан 
алып отырыңыздар", - деді де қойды. 
Тамақ артынан шай келді. Қонақтар жайғасып, әңгіме қызығына 
берілген. Бахира ғана келгендер арасынан іздеген кісісін таба алмай әлек. 
Отырғандардың ешбірі кітапта айтылғандарға сәйкес келмейді. Монах 
жиналғандарды әрі-бері көзімен сүзіп ойындағысын таппаған соң: 
"Араларыңызда келмей сыртта қалғандар бар ма?" - деп сұрады. 
Құрайыштар болса: 
"Ей, Бахира, сенің шақыруыңа бәріміз түгел келдік. Тек керуендегі 
мүліктерді күзетуге бір баланы тастап кеттік. Қалғанымыз төрт көзіміз түгел 
осындамыз", - деді. 
Бахира мұны естіген соң қояр да қоймай ол баланы да алдырады. Бала 
Мұхаммед (с.а.у.) дастарқан басына отырғанда, тамақ жеп жатқанда Бахира 
оның әрбір қимылын қалт жібермей бақты. 


61
Бахира іздегенін тапқандай еді. Өйткені алдында отырған нұр жүзді 
балдырғанның әр қимылы, әрекеті, түр-түсі тура кітабында жазылған 
сипаттармен дәлме-дәл. 
Тамақ желініп, қонақтар қайтуға жиналған тұста Бахира баланың 
құлағына сыбырлап: 
"Мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, Лат
(Мүшіріктер табынатын ең үлкен 
пұлтардың бірі)
пен Узза пұттарының ақысына шыныңды айтшы", - деді. 
Лат пен Уззаның атын естігенде Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) түрі 
бұзылып кетті, сосын жұлып алғандай: 
"Лат пен Уззаның атымен менен ештеңе сұрамай-ақ қой. Дүниедегі ең 
жек көретінім - солар", - деп жауап берді. 
"Онда" - деді Бахира, "Аллаһтың атымен сауалдарыма жауап бер". 
"Не сұрағың келсе, енді сұрай беруіңе болады", - деді Мұхаммед 
(с.а.у.). 
Сұрақтарына баланың берген жауабы дінбасын қайран қалдырды. 
Әрбір жауаптан киелі кітаптағы ишараттарға көз жеткізе түсті. Ең соңында 
сенімді болу үшін баланың арқасын ашып пайғамбарлық мөрін көргенде, 
оның соңғы нәби екендігіне еш шүбәсі қалмады. 
Монах санасын жаулаған сан сауалдың жауаптарын тапқан соң аяңдай 
басып Әбу Тәліптің жанына келді. 
- Бұл бала кімің болады? 
- Ұлым. 
- Жоқ, менің білуімше, оның әкесі болмауға тиіс. 
- Қайдан білдің? Негізінде солай, бауырымның баласы. 
- Әкесі қайда? 
- Баласы дүниеге келмей жатып қайтыс боп кетті. 
Бахира мәселенің мән-жайын анықтап алған соң Әбу Тәліпке мынадай 
ақыл айтып, хақ жолындағы адам екенін байқатты. 
"Бауырыңды алып, еліңе қайт. Оны яһудилерден қорғамасаң болмайды, 
олардың арасында көре алмайтындар, небір қызғаншақтар бар. Менің 
білетіндерім оларға да аян. Баланың бойындағы ерекшеліктерді көрсе, 
дұшпандық ойлауы әбден мүмкін. Өйткені сенің бауырың болашақта даңқты 
адам болады. Айтқанымды тыңдасаң, бөгелме, ауылыңа қайт". 
Бахираның айтқандарына ден қойған Әбу Тәліп әкеле жатқан заттарын 
сол жерде өткеніне сатып, Меккеге оралады. 
Бахира сынды көптеген христиан және яһуди ғалымдары соңғы 
пайғамбардың белгілерін киелі кітаптан оқып үйреніп, мойындаса да, оларға 
ислам кәусары бұйырмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет