АРТЕЗИАН СУЫ — су ӛткізбейтін қабаттардың, немесе
жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы.
Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да
жақсы су. Сондықтан сол айғақтағы елді сумен қамтамасыз етудің
ең қолайлы кӛзі болып саналады. Артезиан Суы – су ӛткізбейтін
қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы.
Қазақстанның кӛптеген аудандарында артезиан суының қоры мол.
Тау бӛктеріндегі артезиан суы тұщы, минералдығы 1 г/л-ден
аспайды.
АРХЕЙ (
АРХЕОЗОЙ) — прекембрийдің үш
бӛлімшесінің
ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми
түрде эон болып табылады. Архей — архей эрасы және архей тобы
ұғымдарының қысқаша аталуы. Грек тілінде archаіos деген сӛз
ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архей – Жердің геологиялық
даму тарихындағы ең ежелгі эра болып табылады. Радиометрлік
зерттеулер Архей эрасына қатысты тау жыныстары осыдан
шамамен 3,6 – 4 млрд. жыл бұрын қалыптаса бастағандығын
кӛрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой
эрасына ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын ӛткен.
Архейде қалыптасқан тау жыныстары негізінен метаморфтық
ӛзгерістерге ұшыраған тау жыныстарынан: гнейстен, кристалды
тақтатастан, сирек жағдайда амфиболиттен, мәрмәрдан және
кварциттен тұрады. Органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ
олардың құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да
тіршілік нышаны болғандығын білдіреді. Архейде түзілген тау
жыныстары кӛптеген кӛне геологиялық құрылымдардың негізін
қалайды. Олардың арасында маңызды кендер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: