1) саңылау — терең әрі тар Аңғар, беткейлері, әдетте, тіп-тік,
кейде арнаға қарай еңкіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су
алып жатады, тек тауларда ғана кездеседі;
2) каньон — ӛте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте, табаны тар,
таудан шыға берісте, немесе тауларда кездеседі;
3) шатқал — терең жартасты тау аңғары, әдетте, беткейлері
шығыңқы келіп, құламасы етегіне қарай ӛседі;
4) трапецияға ұқсас — шығыңқы немесе түзу кӛлбеу кең Аңғар,
бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Осы аңғардың бір түрі — жәшік
тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар;
5) астау тәрізді — беткейлері ойыс (батыңқы), етегіне жақын
біртіндеп кӛлбей түседі, мұздық әрекетінен болған құбылыс. Мұнан
ӛзге V — тәрізді, U — тәрізді және т.б. аңғарлар кездеседі.
АҢҒАР БЕТКЕЙЛЕРІ (с
клоны долины) — ӛзен аңғарының екі
жағалауын шектейтін, еңістігі ӛзен арнасына қарай бағытталған
жер беті. Аңғар беткейлері биік, тӛмен, тік, кӛлбеу болып келуі
мүмкін. Ал кӛлденең бітімінің нысанына карай —
түзу, ойыс,
шығыңқы, баспалдақты және т.б. болады. Дамыған аңғарлардың
беткейлері ӛзен жағасынан террасалармен ерекшеленген болып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: