ал азайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас Ареал – бір
түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі
(дезъюнктивті) Ареал – ӛсімдіктердің тұқым алмасуы, ал
жануарлардың қоныс аударуы
арқылы бір-біріне қатынаса
алмайтындай, шалғай орналасқан аймағы (мыс., кӛгілдір
сауысқан Пиренейтүбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді);
реликті Ареал – ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі
себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда
сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр –
гинко ағашының
сақталуы); космополитті Ареал–
кейбір
ӛсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы
(мыс., үй шыбыны, су
егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал –
ӛсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі
[мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 –
2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде
кӛптеген тіршілік иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі
әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу,
шӛлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде
ӛзгеріске ұшырауда. Нақтылы Ареалдың сипаттамасы картаға
түсіру арқылы анықталады. Ареал карталары ғылыми,
денсаулық
сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: