Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет9/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   206
АНТИЦИКЛОНДЫ АҒЫС - Солтүстік жарты шарда сағат тілі 
жүрісінің бағыты бойынша түзілетін, ал Оңтүстік жарты шарда 
оған қарсы бағытта ағатын теңіздер мен мұхиттардағы судың 
айналма ағысы. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ 
ЖЫЛЖУ 

ауа 
тасқынының 
антициклондық құйынын күшейтетін желдің горизонт бағытта 
қозғалуы. Антициклондық жылжу желдің жылдамдығы Солтүстік 
жарты шарда тек солдақ оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда 
оңнан солға қарай баяулағанда ғана болады. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ 
ИНВЕРСИЯ 

антициклондағы 
температура инверсиясы. Жер бетіндегі радиациялық инверсия 
және бос атмосферадағы шӛгу инверсиясы деп екіге бӛлінеді. 
Атмосферадағы температура инверсиясының басым бӛлігі нақ осы 
антициклондық инверсия болып табылады. 
АНТИЦИКЛОНДЫҚ ҚҦЙЫН - Солтүстік жарты шарда сағат 
тілі жүрісінің бағытымен, Оңтүстік жарты шарда оғап қарсы 
бағытта айналатын мұхиттағы тік немесе кӛлбеу ӛсті су құйыны. 


АНТИЦИКЛОНДЫҚ ЦИРКУЛЯЦИЯ - антициклондағы ауа 
қозғалысының жүйесі; яғни антициклон орталығының тӛңірегінде 
ауаның Солтүстік жарты шарда сағат тілі жүрісінің бағыты 
бойынша, Оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта айналатын 
қозғалысы 
АҢҒАР — бедердің теріс пішіні, ені ұзындығымен салыстырғанда 
тар, бастуаынан сағасына қарай еңістеу болатын жер бетіндегі 
ирелең тереңдеме. Аңғарлар бір-бірімен кездескенде қиылыспайды, 
қосылады. Аңғар ағын судың шаю әрекетінен (эрозия) жаралады, 
басқа экзогендік 

процестердің 
әсері 
шамалы. 
Аңғар басты және бүйірлік болып бӛлінеді. Бүйірлік аңғар басты 
аңғардың саласы болады. Олардың есебі екі түрлі жолмен: 
1. бастысынан бастап кішілеріне қарай; 
2. бастауындағы саласы жоқ саладан бастап жүргізіледі. 
Әрбір аңғардың кӛлденең қимасында бӛлінетін морфологиялық 
элементтері: 
 
арна — ең тӛменгі тар суағар бӛлігі; 
 
жайылма — ӛзен тасығанда су басып қалатын табаны; 
 
террасалары — сатылана кӛтерілген бүрынғығы жайылмалары. 
Терраса беткейлері әр турлі, беткейдің тӛменгі бүгілмесі табан 
сызығы, жоғарғысы жиегі деп аталады. Бастауларының пішініне 
қарай жабық (түйық ) және ашық аңғарлар деп бӛлінеді. 
Географиялық және геологиялық жағдайларға байланысты аңғар 
типтері кӛп жоне әр түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет