Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет135/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   206
О 
 
ОЗОН ҚАБАТЫ — стратосфераның бір бӛлігі. Ол — озоносфера 
қабаты, 15–50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай 
озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің 
ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы 
озотқа айналдырады (3 O2 → 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің 
толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не 
дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейде озоннан O2 
формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 → 3 O2). Аталған екі 
реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының 
кӛмегімен іске асады. Озон қабатын үнемі екі процесс арқылы 
толықтырып тұратын циклОзон-Оттегі циклі деп аталады.
Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық рефкцияны1930 
жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі 
деп аталады. Озон қабатының ең тығыз бӛлігі 20-25 км биіктікте 
орналасса, кӛлемі ең үлкен бӛлігі 40 км биіктікте орналасады.
Егер бүкіл озон қорын жинап алып жердегі қалыпты жағдайдағы 
қысыммен (pn = 101.325 Pa = 101.325 N/m² = 1013,25 hPa = 101,325 
kPa = 1,01325 bar) қысатын болсақ, онда небары 3-4 мм болатын 
жіңішке қабатты озон түзілетін еді (экватор маңында жұқа, 
полюстерде қалың қабат болады). Басқа да ауа қабаттарындағы 
газдармен салыстырсақ (мысалы, оттегі мен азот), олардың 
сығылғандағы биіктігі 8 км болар еді. Озон қабатының қызметі
Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мӛлшерде 
болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон 
ӛте активті газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне зияны тиеді. 
Негізінде, озонның орташа концентрация мӛлшері 8 мл/м³ болады. 
Озон қабатының басты қызметі — күн сәулесіндегі зиянды ультра-
күлгін сәулелерді жер бетіне жібермей, ӛзінің бойына сіңіріп ұстап 
қалу. Осылайша жер бетіндегі тіршілік иелері күннің кері 
әсерлерінен қорғалады. Озон тесігі Егер атмосферадағы озон 


қабатының белгілі бір аймағындағы озонның дефициттік мӛлшері 
30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі бар деп саналады. 
Антропогендік әрекеттер озонды жоюға әкеліп соғады.
Адам баласының абайсыздығына байланысты озон қабаты ұзақ 
уақыттан бері жұқарып барады. Оның жұқаруының негізгі 
себептері мыналар:
1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты тесіледі. 
Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді.
2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына 
қауіп тӛндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан тӛменде ұшатындары 
озон 
қабатының 
қалыптасуына 
септігін 
тигізеді.
3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының тесілуіне 
ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың 
кӛп бӛлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол 
«жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы кӛп озонды 
құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін 
сақталып тұрады. Фреон бӛлме температурасында кӛлемін 
кӛбейтетіндіктен, 
аэрозоль 
ретінде 
пайдаланып 
келеді.
Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады 
екен. Сонымен қатар тері ісігі, кӛз ауруларын қоздырып, егістік 
алқаптарына 
зақым 
келтіреді.
Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар 
қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп 
жатқан 
зиянды 
әсерлер 
кӛп.
Озон қабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда 
болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі 
тіршілік үшін қауіп тӛнгендігін білдіреді. Озон қабатының 
тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді. Мысалыға, егінді 
алқапта пайдаланатын химиялық тыңайтқыштар, дыбыстан да 
жылдам ұшақтар мен ғарышқа ұшырылатын зымырандардың 
атмосфераға бӛліп шығаратын улы газдары, фреондар (түссіз, иіссіз 
газдар мен сұйықтықтар) және ядролық жарылыстар озон қабатын 
жұқартатын басты факторлар. Одан басқа химиялық белсенді 
газдардың әсерінен де озон қабаты зақымдалады. Оған мысал:
Азоттың 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі
О3 + NO → NO2 + О2 
Оттегінің 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі
О3 + O → 2О2 


Сутегінің 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі
ОН 

О3 
→ 
НО2 

О2
НО2 + О3 →ОН + 2О2 
Хлордың 
әсерінен 
озонның 
ыдырау 
циклі
Cl + O3 → ClO + O2 
Сондай-ақ, метан мен этан газдарынан түзілетін Хлор-фтор-
карбоны органикалық қосылысы катализдік эффект арқылы түнгі 
уақыттарда озон концентрациясын азайтып, O2 концентрациясын 
кӛбейтеді. Мұндай жағдайлар ұзақ уақыттық поляр түндері кезінде 
жиі байқалады. Соңы озонның тесілуіне әкеп соғады.
Поляр түндері аяқталған кезде күн озон қабатының тесілген бӛлігі 
арқылы ӛзінің зиянды сәулелерін ӛткізеді. Ал бұл дегеніміз тері 
рагы аурулары мен кӛз ауруларын тудырады және ағзадағы 
иммунды жүйе бұзылады. 1985 жылы ағылшын ғалымдары 1980 
жылдан бері әр жылдың кӛктемінде Антарктиданың аспанында 
озон мӛлшерінің азайып отырғандығын дәлелдейтін мақала 
жариялады. Бұл тақырыптыжурналистар қауымы ''Антарктиданың 
тӛбесіндегі Озон тесігі'' атты сенсацияға айналдырып жіберді. 
Антарктида аспанындағы озон қабатының жұқарып, тесілуінің 
басты себебі ретінде Жер стратосферасындағы хлор тотығы мен 
озонды зақымдағыш заттар мӛлшерінің күрт артуы аталады. 90-
жылдардың бірінші жартысындағы озон қабатының жұқаруы 15 
млн. шаршы км. (32-63 күн бойы сақталған) болса, 1995 жылы бұл 
кӛрсеткіш 20 млн. шаршы км-дан асып түсіп, 71 күн бойы осы 
қалпында болды. 1999 жылдың соңындағы ақпаратта озон тесігінің 
25 млн. шаршы км. болғандығы айтылады. Оның жердегі ӛлшемі 
Жаңа Зеландияның жағалауына дейін жеткен. 2000 жылы Жаңа 
Зеландиялық ғалымдар Антарктидадағы озон тесігінің ауданы 29,53 
20 млн. шаршы км. болғандығы жайлы мәлімдеді. Тесілген озон 
аумағынан ӛтетін күннің зиянды сәулелері Чилидің Пунта-Аренас 
қаласына түскен. Одан кейінгі кезектерде Аргентина, ОАР және 
Австралия қауіпке жақын болды. Озон қабатын қорғау. Озон 
қабатын қорғау шаралары алғаш рет озон қабатындағы зиянды 
заттардың табылғандығы жайлы мәлім болғаннан бері қолға 
алынып келеді. Бірақ алғашқы кезде белсенді түрде жұмстар 
жасалынбады. 1985 жылы озон тесігі табылған кезден бастап озон 
қабатын қорғау мәселесі әлемдік қауымдастықта басымдыққа ие 
болды. ''Озон қабатын қорғау туралы'' Вена конвенциясы
1985 жылы 22 наурызда ''Озон қабатын қорғау туралы'' Вена 


конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі 
зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын 
зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді. ''Озон қабатын 
құртатын 
заттар 
жайындағы'' 
Монреаль 
протоколы
1987 жылы 16 қыркүйекте ''Озон қабатын құртатын заттар 
жайындағы'' Монреаль протоколы қабылданды. Протоколға 
кейннен жаңадан ӛзгерістер енгізіліп отырды. Осы протоколдың 
арқасында 2050 жылға дейінгі озонқабатын қорғау іс-шаралары 
пысықталды. Монреаль протоколынан кейін ӛндірістік технология 
саласында біраз ӛзгерістер болып, 1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор-
карбоны органикалық қосылысының мӛлшері 1 100 000 тонна 
болған болса, 2001 жылы бұл кӛрсеткіш небары 110 000 тоннаға 
жеткен. Қазіргі кезде атмосфераның тӛменгі қабатындағы озонды 
жоятын улы заттардың мӛлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды 
жоғарғы қабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. 
Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болса, 
ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі 
(қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен.
Қорытынды Озон қабатының шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге 
дейінгі жағдайына қарап отырып, оның әр уақытта әр түрлі 
болатындығын аңғаруға болады. Және соңғы ғасырдағы техника 
мен 
технологияның, 
ауыл 
шаруашылығы 
мен 
кӛлік 
қозғалыстарының күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды 
ғана емес, сонымен бірге кӛзге кӛріне бермейтін табиғи апаттарды 
да тудырып отыр. Солардың бірі жоғарыда толық тоқталып ӛткен 
озон 
қабаты 
мен 
оның 
жұқарып, 
тесілу 
процестері.
Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау 
шараларының нәтижелері бүгіндері кӛрініп жатыр. Оң нәтижелер 
баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны 
қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы 
дамыған елдерде бұндай жағдайлар ӛте жоғары деңгейлерде 
ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды 
жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың 
кӛмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан 
құтқарар күннің туары алыс емес секілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет