Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет136/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   206
ОЗОН ТЕСІГІ (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — 
ғаламшардың озон кабатындағы озон (кӛк түсті, ӛткір иісті газ) 
құрамының едоуір тӛмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да 
жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік. 


Бұл — жердің озон қабатының тозуындағы күрделі  экологиялық  
моселенің бір бӛлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан
атмосфераға  суытқыштар (фреондар) мен азотоксиді (космостық 
аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық 
жанбаған ӛнімі) шығарындыларының кӛп бӛлінуінен ғаламшардың 
озон қабатында бұзылу процесі басталған. 
ОЙЫС – құрлықтың мұхит деңгейінен тӛмен жатқан бӛлігі, 
барлық 
жағынан 
тұйықталған, 
ортасына 
қарай шұңғыма.
Ойыстектоникалық, карстық, эрозиялық болып бӛлінеді. Кейде
Ойыс термині "қазаншұңқыр", "депрессия", "тектоникалық", 
"майысу" терминдерінің синонимі ретінде колданылады. 
[2]
 Мұхит 
түбіндегі тар әрі терең Ойыс терең сулы шоңғалдар деп аталады. 
Тектоникалық ойыс – тектоникалық қозғалыстар әсерінен; карстық 
ойыс – карст облыстарында ойылып түсу нәтижесінде; эрозиялық 
ойыс – ӛзен эрозиясының әрекетінен пайда болады. Құрлықтағы ең 
терең ойыс – Турфан ойысы (–154 м, Қытай). Мұхит түбіндегі ойыс 
– шұңғыма деп аталады. Ең терең мұхит ойысы – Мариана 
шұңғымасы (–11022 м). Қазақстанда Қарақия (–132 м), Қауынды (–
57 м), Қарынжарық (–52 м), т.б. ойыстар бар. 
ОЙПАТойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен 
есептегенде 200м биіктікке 
дейін 
орналасқан,
құрлықтағы 
айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі).
Ойпаттың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен тӛмен орналасқан 
түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты). Ойпаттың 
жер беті жазық, тӛбешікті келеді. Қыраттарға қарама-қарсы бедер 
түрі. 
Негізінен, 
горизонталь 
жайласқан 
борпылдақ 
тау 
жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпат тектоникалық жолмен 
пайда болған теңіз және құрлық шӛгінділерінен түзілген. Жер 
шарындағы едәуір ірілері: 
 Амазонка, Атлант 
маңы, Үнді-
Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс Сібір ойпаты, т.б. Тауаралық 
ойпатқа Алтай тауындағы Шу ойпаты  және Абай  даласы, Кура-
Аракс ойпаты; теңіз деңгейінен тӛмен жатқан ойпатқа Каспий 
ойпаты (–28 м) жатады. Адамдардың теңіз жағалауын құрғатудан 
пайда болған Нидерланд ойпаты бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет