Н
НАВИГАЦИЯ (лат. navіgatіon, navіgo — кемеде жүземін) -
1) теңізде
жүзу,
кеме
қатынасы;
2) мұхит,
теңіз, кӛл, бӛген және ӛзендегітабиғат жағдайына байланысты кеме
қатынасы болатын уақыт кезеңі.
НАЙЗАҒАЙ — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын
ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы
секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды
разряд.
[1]
Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс
кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер
арасында кӛп еселі электр разрядтары пайда болады, күн
күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нӛсер
жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп
ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі
найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.
Жалпы мәліметтер
Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай
пайда болу үшін бұлттың шағын кӛлемінде ұшқындық разрядтың
басталуына жеткілікті электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір
бӛлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа
кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр ӛрісі болуы керек.
Қаупі
Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның
температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы
температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру
жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде
талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, ӛлімге
дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам
қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.
Найзағайға қалай дайындалу керек
Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты
орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа
райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжаса,
басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай
болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу
жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса
қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне
байланысты ( 300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай
аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның
тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін
найзағайға 5 с ӛтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с =
1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді
ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе
жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса,
найзағай ӛте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені,
есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш
трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа
алмаушылық болады. Телефонмен сӛйлеспеңіздер: кейде найзағай
столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай
болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы
орнықтарғыштарға, үйдің тӛбесінен су ағатын жерлерге
жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі
қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар
ӛскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе
қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде
немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары
жерден тӛменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын
жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне
аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз
спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз.
Металлдан жасалған заттарды ( мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш
және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.
Егер найзағай сіз кӛліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан
түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын тӛмен
түсіріңіз.
НАМИБ (порт. Namіbe, ағылш. Namib) — Атланд мұхитының
жағалауындағы шӛл дала, негізінен Намибияда орналасқан. Бұл
жерде жауын ӛте аз жауады. Шӛл даланың ұзындығы шамамен
1300 км, ені 50-160 км. Жазықтықтың беткі қабаты негізінен тегіс
жазық, әртүрлі типті құм түрлерінен қабатталған. Жазықтықтың
оңтүстік бӛлігін тегіс құм алып жатыр. Шығыс бӛлігін, яғни Ішкі
Намибте кӛптеген антилопа табындары кездеседі. Жағалаудағы
аймақта теңіз құстарының алуан түрлері мекендейді. Оның ішінде
фламинго, бірқазан, пингвиндер жиі кездеседі. Құм даланың
үстінен
Уолфиш
-
Бейқаласы
мен
Оңтүстік
Африка
Республикасыды байланыстыратын темір жол кесіп ӛтеді.
НЕПАЛ, Непал корольдігі – Оңт. Азиядағы Гималай тауының
орталық бӛлігіне орналасқан мемлекет. Жер аум. 147,2 мың км2.
Халқы 21,4 млн. (2001). Негізгі тұрғындары – непалдықтар. Ресми
тілі – непали. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам
діндерін ұстанады. Астанасы – Катманду қаласы Әкімшілік
жағынан 14 аймаққа бӛлінеді. Конституция бойынша мемлекет
басшысы – король. Жоғары заң шығарушы органы – 2 палаталы
парламент (Ӛкілдер палатасы және Ұлттық ассамблея). Ұлттық
мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі –
непал рупиясы.
НИВЕЛИР - екі нүктенің биіктіктерінің айырмашылығын
анықтауға арналған геодезиялық аспап; горизонталь нысаналау
сәулесі мен осы нүктелерде вертикаль орнатылған рейкалар арқылы
қолданылады. Конструкцияларының негізгі типтері бойынша
нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы
нивелир деп екі топқа бӛледі, соңғыларында нысаналау сызығы
горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жӛнінен
нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған ӛте
дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер,
зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық
нивелирлер деп бӛлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары
дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-
ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған.
Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік
айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен
анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық
зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде
қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-
лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа
квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер.
Олар
құрылыста,
инженерлік-геодезиялық
зерттеулерде
және топографиялық
түсірістерде биіктік
шама
негіздерімен
қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир
аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі
арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар
арқылы ӛздігінен жасалады.
НӚСЕР ( Ливень) — күшті, бірақ қысқа мерзімдік конвективтік
сипаттағы жаңбыр, не қоңыржай ендіктердегіциклондардың суық
шебіндегі дүлей желді жаңбыр.
[1]
Басталғанда тӛгіп жауып, күрт тыйыла қалуы мүмкін. Ӛте қысқа
уақытқа созылуы жеке бұлттан немесе салқын шептегі жіңішке
ӛңірді ғана қамтитын бұлттан жаууымен байланысты. Жылы жер
бетіндегі салқын ауа массасынан түсетін Нӛсер жаңбыр кейде
бірнеше минутта-ақ ӛте шығады. Жаздағы жергілікті конвекция
жағдайында будақ жаңбыр бұлты кең алқапты қамтығанда немесе
шептер ӛткенде Нӛсер жаңбыр сағаттап жауады. Нӛсер жауу екпіні
түрліше, кейде 21,5 мм/мин-қа жеткен кездері байқалған. Нӛсер
жауу уақыты артқан сайын екпіні кеми береді. Нӛсер
жаңбыр тропиктік және экваторлық ендіктердегі жауын-шашынның
негізгі түрі. Субтропиктік және қоңыржай белдеулерде де ӛтіп
тұрады. Нӛсер термині синоптик. метеорологияда жауын-
шашынның барлық түріне де (қар, қиыршық) қолданылады. Қазіргі
түсінігімізде — шелектеп құятын ӛткінші жаңбыр. «Шелектеп
құйғаңдай нӛсер сабалап тұрды» (Ә. Шәріпов, Алыс жаға.). Сӛз
тӛркіні тек монғол тілі деп шамалауға болады, «нүсэр» тұлғалы сӛз
монғолдарда «қиын, ауыр» мағыналарында кездеседі. Осы
сӛздіктерге қарағанда, «нүсэр» сӛзі монғолдардың ӛзінде сирек
қолданылатын тәрізді. Ӛйткені, келтірілген мысалдарда «нүсэр»
сӛзінің орнына, оның синонимі «хүнд» жиі тіркеседі. Осыған
қарағанда, ескі сәз бе деген ойға қаласың. Жауған жаңбыр сипаты
—«нүсер» сӛзін анықтауыш ретінде қолдануға кереғар кӛрінбейді.
Ӛйткені жаңбырдың күштілігі қиындыққа ұшырататыны да белгілі.
Осы
себептенде
алғаш
«нӛсер жаңбыр» (қиын
жаңбыр
мағынасында) тіркесі пайда болып, кейінгі кездерде «нӛсер» жеке
тұрып та жауынның күштілігін аңғартарлық дағдыға айналуы
мүмкін.
НҦРА — Қарағанды және Ақмола облыстарының жерімен ағатын
ӛзен. Ұзындығы — 978 км, су жинау алқабы — 60,8 мың к
м2
.
Нұра Қарқаралы тауының
батыс
сілемдеріндегі
бұлақтардан
басталып, теңіз кӛліне кұяды.
Достарыңызбен бөлісу: |