тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бӛледі.
Орманның
құрылымы
ортаның
физикалық-географиялық
жағдайларына, ӛсімдіктердің түрлік
құрамы мен биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне,
климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері кӛп,
тропосферамен
ӛзара
белсенді
әрекетте
болады
да, оттек пен кӛміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі
орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын
"ӛндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман —
географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шӛптесін
ӛсімдіктер, мүк, қына, т.б. ӛседі.
ОРМАН ӚРТІ – абайсыз жағылған от, сӛнбей
қалған шоқ, кейде
найзағадан да пайда болатын апат. Орман ӛрті кӛбінесе
құрғақшылық жылдары, ерте кӛктемде және күзде болады. Оның
негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын ӛртеген кезде
қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман ӛрті ағаш
қорын
кемітумен қатар, ағаштың ӛсуін нашарлатады, жалын
шарпыған
ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.
Орманда зиянды
жәндіктердің, ағаш
ауруларының таралуына
қолайлы жағдай туады. Орман ӛрті жер бетін шарпыған кезде
жапырақ, бұта, шӛп-шалам, кӛк шӛп, ағаштың жас ӛркендері
жанады, от қызуы
400 – 900
0
С-қа жетеді, жалын
0,5 – 1 м-
гекӛтеріледі, ӛрт
сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады.
Кӛлемі
кішкене шарпыма
ӛртті топырақ,
химиялық
заттар
(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып,
жасыл бұталармен соққылап сӛндіреді. Қаулама ӛрт
жалыны ағаш
басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Ӛрт жел
бағытына, күшіне қарай сағатына
5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер
астындағы кеулеме
ӛртте топырақ
арасындағы
ӛсімдік
шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны кӛбіне сыртқа
шықпай, бықсып жанады. Мұндай ӛртті ӛшіру үшін жанған жердің
айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін
1 м етіп ор қазады.
ҚазақстандаЕртіс және Обь ӛзендерінің
арасындағы
далалы
аймақта орналасқан қарағай жолағында ӛрт тіпті жауынды
жылдары
да
кӛп
болады.
Бұл
жерлерде
ауа-райы
құрғақ болғандықтан
ӛрт
қаупі
кезеңінің
орташа
ұзақтығы
180 күннен асады. Орман ӛртін сӛндіру үшін кӛбіне
табиғи кедергілер –
ӛзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған
орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп
жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті ӛртке
қарсы ұшақтар
мен
тікұшақтар арқылы
жоғарыдан
су,
химикаттар шашады.
Достарыңызбен бөлісу: