МҦХИТТАҒЫ КОНВЕРГЕНЦИЯ БЕЛДЕМІ – Дүниежүзілік
мұхит суының беткі қабаттарының араласу аймағы. Мұхит
бетіндегі ауа ағыстары мен су
тығыздықтарының біркелкі
таралмауларынан дамиды. Негізінен жылы және суық сулардың
тоғысқан жерлерінде қалыптасады. Конвергенциялық белдемде су
тығыздығының қалыпты жағдайларда таралмауы салдарынан беткі
қабаттарда антициклондық және
циклондық ағыс айналыстары
дамиды. Антициклондық айналыста судың қарқынды араласуы мен
тӛмен қарай ығысуы қалыптасса, циклондық айналыстарда мұхит
бетіне шығатын тереңнен кӛтерілу ағыстары дамиды.
Осыған
байланысты бұл белдемде жоғарғы биологиялық ӛнімділік
жағдайлары қалыптасады. Дүниежүзілік мұхитты негізгі 4 тұрақты
конвергенц. белдемге ажыратуға болады: солтүстік, оңтүстік
субполюстік және солтүстік, оңтүстік субтропиктік белдемдер.
Мұхиттағы конвергенция белдемі мұхит табиғатының маңызды
элементі, себебі тӛмен ығысатын сулар мұхиттың терең қабатын
жылытады
және оттекпен байытып
отырады.
Мұхиттағы
конвергенция белдемінде 100 – 150
м-ден астам тереңдіктегі су
қабаттарының барлық негізгі гидролог. белгілері қалыптасады.
Мұхиттағы конвергенция белдемі неғұрлым жоғары ендіктерде
орналасса, судың температурасы соғұрлым тӛмендеп, тұнатын
судың
тығыздығы жоғарылайды, ол мұхиттың терең қабаттарын
қамтиды;
Достарыңызбен бөлісу: