оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар кӛп.
Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған
ұзың 5 — 25, тереңдегі 1 — 2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі),
қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шӛл аймағында жатқандықтан
жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C,
одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –
12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны
аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10
см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып кӛктайғақ
болады, боран соғады. Үстіртте ӛзен, тұщы кӛл тіпті жоқ, бірақ
ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры
анықталды (қала Үстірт артезиан алабы). Сұр, бозғылт қоңыр
топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шӛптер сирек ӛседі,
ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары
кездеседі. Құмды ӛңірінде теріскен, жүзгін, еркекшӛп, т.б. ӛседі.
Жануарлар
дүниесінен
бауырымен
жорғалаушылар,
тышқан, қоян, бӛкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. Үстірт кӛктемде,
жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол
қоры анықталған; қала Үстірт мұнайлы-газды алабы.
Достарыңызбен бөлісу: