Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет187/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   206
 
Ҧ 
 
ҦЛТТЫҚ ПАРК — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени 
және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық 
қорының 
бiрегей 
табиғи 
кешендерi 
мен 
объектiлерiнiң 
биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды 
табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және 
рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау 
және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи 
аумақ. 
Ф 
 
ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман 
мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта 
мекендейтін не Жертарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен 
барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. 
Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік 
топтарының (тип,класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді 
(мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың Фаунасы 


әр түрлі Фауналық жануарлар кешенінен құралады. Мысалы, дала 
белдемінің 
Фаунасында 
негізінен 
далалық 
Фауна 
кешені, космополиттік түрлер, 
шӛлейт 
аймақтың 
Фауналық 
кешенінің басымдығы байқалады. Әрбір Фаунада мекендейтін 
жануарлардың шығу тегі де әр түрлі, атап айтқанда автохтондар
аллохтондар (алғаш пайда болған аймақтан осы мекенге ауысып 
келген кірме жануарлар),  иммигранттар (дамыған жануарлардың 
басқа аумақта пайда болып, кейіннен соңғы мекен етіп отырған 
орынға келуі). 
Қазақстанның қазіргі Фаунасы тӛрттік кезеңде қалыптасқан әр 
түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шӛлейт, шӛл, 
палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен 
келген түрлер де кӛп. Республика Фаунасы балықтар
қосмекенділер, 
бауырымен 
жорғалаушылар, 
құстар, 
сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен кӛптеген 
қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына 
қарай олардың Фаунасы да әр алуан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет