ТҤБЕК — теңізге немесе кӛлге сұғына орналасқан құрлықтың
бӛлігі. Түбектер ӛзінің пайда болуы жӛніндӛ материктік, аралдық
болып екі турге бӛлінеді: 1) материктік түбектерге —
Апеннин, Пиреней тағы
басқалар. түбектер жатады. Себебі
олар Еуропа материгімен бірдей уаңытта пайда болды; 2) аралдық
түбектерге — Үндістан түбегі жатады. Себебі ол Азия материгі
құрылғанда, оның оңтүстігінде орналасқан бӛлек құрлық — арал
болды; кейінгі геологиялық дәуірлерде ғана ол материкпен
жалғасты.
ТҦРАН ОЙПАТЫ, Тұран жазығы – Орталық Азиядағы кең жазық
аумақ. Қазақстанға қарасты солтүстік және орталық бӛліктері шӛл,
шӛлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий
тенізімен, шығысындаСарыарқаның батыс бӛлігімен, солтүстігінде
Торғай
үстірті,
оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен,
оңтүстігінде Қызылқұм шӛлімен
шектеседі.
Бұл
аралықта
Қазақстанның барлық шӛлдері жатыр. Ойпаттың басым бӛлігі
Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бӛлігінің абс.
биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық
саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, кӛлбеу
жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары
(Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр.
Тақтаның тӛм. қабаты құрылысынан кӛршілес Орал, Тянь-Шань
және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде
ойыстар кӛп кездеседі. Қазақстанның құрлық бӛлігіндегі ең
терең Қарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық ӛңірлерінің (Каспий
ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шӛгінді
жыныстар жапқан. Қазақстандық Тұран Ойпаты' солтүстік бӛлігінің
климаты тым континентті. Қысы суық, ызғарлы, қар жамылғысы
тұрақты және оның қалыңдығы 15 – 25 см. Қатты желдер жиі
болып тұрады. Оның орташа жылд. 5,5 – 6,5 м/с. Жауын-
шашынның жылдық орташа мӛлшері 150 – 300 мм. Қаңтар
айындағы ауа темп-расы –15 – 17ӘС, шілдеде 22 – 24ӘС. Ойпат
оңтүстігінің климаты континенттік. Мұнда қыс біршама жылы. Қар
жамылғысының қалыңд. 10 – 15 см, қиыр оңтүстігінде тұрақты қар
жамылғысы болмайды. Қаңтар айындағы ауа темп-расы –5 – 11ӘС,
жаз айлары ӛте ыстық әрі қуаң. Шілдедегі ауаның жылдық орташа
темп-расы 26 – 29ӘС. Жазда құм беті 80ӘС-қа дейін қызады.
Жауын-шашынның жылдық орташа мӛлш. 70 – 180 мм аралығында.
Ойпаттың осы оңтүстік, оңтүстік-батыс бӛлігіндегі (Сырдария ӛңірі
және Қаратау жотасының батыс ӛңірі) кӛктем және күз айларында
болатын жауын-шашын эфемерлі және эфемероидті ӛсімдіктердің
ӛсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс
бӛлігінде керісінше, мұнда жауын-шашын кӛктемде аз, жазда
молырақ түседі де жусан, еркекшӛп, т.б. астық тұқымдастардың
ӛсуіне
қолайлы
келеді.
Солтүстік
белдемшедегі
ауа
температурасының 10ӘС-тан жоғары жиынтығы 3200 – 3700ӘС
болса, оңтүстіктің шӛлейтті белдемшелерінде ол 4600ӘС-қа жетеді.
Су бетінен булану шамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай (800 –
2000 мм-ге дейін) ӛседі. Тұран Ойпатының басым бӛлігі шӛлейтті
және шӛлді белдемде жатқандықтан топырақ жамылғысының
басым бӛлігін сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмдақты сұр
топырақтар құрайды. Қиыр солтүстігінің ғана топырағы қоңыр,
бозғылт қоңыр болып келеді. Шӛлді ӛңірлердің ойдым-ойдым
тастақты тұстарында тақырлар мен шұратты (оазисті) жерлер
кездеседі.
Ӛсімдік жамылғысын негізінен жусанды-эфемерлі ӛсімдіктер
құрайды.
Гидрология ірі ӛзен-кӛл жағалауларында бұта аралас
шілікті-талды тоғай қалыптасқан. Соңғы 20 жыл ішінде Арал тенізі
деңгейінің тартылуы Тұран Ойпаты табиғатының қуаң шӛлдік
сипатын күшейте түсуде. Ойпаттың ұлан-байтақ аума5ыннда
бірнеше жер асты суының мол қоры анықталды.
Олар:
Бетпақдала артезиан алабы;
Қызылқұм артезиан алабы;
Торғай артезиан алабы;
Үстірт артезиан алабы, т.б.
ТҦТЫЛУ– жердегі бақылаушыға Күн, Ай, планета, планета
серіктері, жұлдыз толық кӛрінбейтін не шала кӛрінетін кезеңді
білдіретін астрономиялық құбылыс. Тұтылу бір аспан денесінің
екінші денені тасалауы немесе ӛзі жарық шығармайтын аспан
денесі кӛлеңкесінің сондай екінші бір денеге түсуі салдарынан
болады. Мысалы, Күннің тұтылуы оны Ай тасалағанда, Айдың
тұтылуы оған Жердің кӛлеңкесі түскенде, планета серіктерінің
Тұтылуы олар планета кӛлеңкесіне енгенде, ал қосжұлдыз
жүйесіндегі тұтылу олардың бір-бірін тасалаған кезінде болады.
Ғарыш кемелерінің кӛмегімен Жердің Күн мен ғарыш кемесі
арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын
байқауға мүмкіндік туды. Ай кеңістікке Күн мен Айдың сыртқы
жанамасы арқылы түзілетін конустық кӛлеңке түсіреді, оның тӛбесі
Ай ортасынан 368 – 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан
конустық кӛлеңке Айдан 363 – 406 км қашықтықтағы Жерге дейін
жетеді. Ай кӛлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл – Күн
толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей
тасалайды. Конус тӛбесінің арғы жағындағы аймақта бақыланған
Айдың бұрыштық диаметрі Күн диаметрінен кіші болады да Ай
Күн дискісінің ортасын тасалап, оның шетінен жарық сақина
қалады.
Мұны
Күннің сақина тәрізді
тұтылуы
дейді.
Айдың орбита бойымен қозғалуы және Жердің ӛз осінен айналуы
салдарынан Ай кӛлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа қарай
шамамен 1 км/с жылдамдықпен жылжып отырады. Күн мен Айға
жүргізілген ішкі жанама шала кӛлеңке конусын шамамен 3500 км
радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Күн
шала тұтылған кезде Күн дискісі толық тасаланбайды. Күннің шала
тұтылуы 2 сағатқа дейін созылады. Толық Күн тұтылуды
бақылаудың ғылыми маңызы зор. Ӛйткені толық Күн тұтылу
кезінде Ай Күнді ғана тасалап қоймай, жер атмосферасын да
кӛмескілендіріп, күн тәжі мен хромосферасын бақылауға кедергі
болатын себептерді жояды. Жердің шала кӛлеңкесінен ӛткендегі
Айдың бірте-бірте кӛмескілену дәрежесі баяу жүреді, кӛзге онша
байқала қоймайды. Айдың тұтылуы -тан аспаса Ай тұтылады. Ай
мен Күн түйіндерге неғұрлым жақын болса, тұтылудың ұзақтығы
мен фазасы соғұрлым кӛпке созылады.
-тан аспаса Күн, ал толған
айда бұл қашықтық 12,0
Айдың шала тұтылуы Ай Жердің
кӛлеңкесіне енген уақытта басталып, 3,75 сағатқа созылады. Осы
уақыттың орта шенінде Ай толық тұтылып, ол 1,75 сағатқа
созылады. Толық тұтылу кезінде жер атмосферасынан шағылған
Күн сәулесінің шамалы мӛлшерінің Ай бетіне түсуі салдарынан Ай
беті күңгірттенеді. Күн тұтылу тек жаңа Ай, ал Ай тұтылу тек
толған ай кезінде (бірақ олардың әрқайсысында емес, тек Күн мен
Айдың аспан сферасындағы кӛрінерлік жолы қиылысатын Ай
орбитасының түйіндеріне Күн мен Ай айтарлықтай жақын
келгенде) ғана болады. Айдың ең жақын түйіннен бұрыштық
қашықтығы 17,9. Жер үшін Күн тұтылу Ай тұтылуға қарағанда жиі
болады. Жер бетінің белгілі бір аймағында Күн тұтылу орташа
есеппен 300 – 400 жылда 1 рет қайталанады. Әр халықтың
жылнамаларында Ай мен Күннің тұтылуы жайында мәліметтер
сақталған. Бұл – маңызды тарихи оқиғалардың уақытын және бұдан
бірнеше мың жыл бұрынғы Ай мен Күннің қозғалысын анықтауға
кӛмектеседі. Юпитердің тӛрт жарық серігінің планетаға жақын
үшеуі әрбір айналым сайын, ал тӛртіншісі ішінара тұтылады. Осы
тұтылуды бақылау арқылы 1675 жылы дат астрономы О.Ремер
(1644 – 1710) алғаш рет жарық жылдамдығын анықтады.
Юпитердің қарсы тұруына дейін тек тұтылудың басталу (яғни
серіктердің Юпитер кӛлеңкесіне енуін), ал қарсы тұруынан кейін
серіктердің кӛлеңкеден шығу кезеңін ғана бақылауға болады.
Қарсы тұру кезінде Т. кӛрінбейді, ӛйткені, ол планета дискісінің
арғы жағында болады. Серіктер Юпитер мен Күннің арасынан
ӛткен кезде Юпитер үшін Күн тұтылу болады. Сатурнның серіктері
планетаның кӛлеңкесінен де және оның сақинасының кӛлеңкесінен
де тұтылады. Ал Марс, Уран, Нептун серіктерінің тұтылуларын
бақылау қиын болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |