Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет195/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   206
ШӚГІНДІ — бұрыннан келген тау жынысынан, биогендік 
кӛздерден 
пайда 
болып 
немесе 
химиялық 
үдерістерінің 
нәтижесінде шӛгініп, Жер бетіне немесе Жер бетінің жанында 
бӛлінген материал. 
Палеозой тобы (эратемасы). 
Жер қыртысына тиесілі таужыныс қабаттарының фанерозой 
 эонотемасына
қарасты, 
яғни
протерозойэонотемасынан 
(кембрийге дейінгі эонотемадан) есептегеңдегі алғашқы тобы; алты 
жүйеге жіктеледі, олар (тӛменнен жоғары қарай): 


 
кембрий, 
 
ордовик, 
 
силур, 
 
девон, 
 
''таскӛмір (карбон)'' 
 
пермъ 
жүйелері. 
Палеозой эрасы. Жер дамуының фанерозой эонына қарасты, яғни 
протерозой эоны (кембрыйге дейінгі эон) аяқталғаннан кейінгі 
алғашқы эра; 540 — 250 млн жылдар аралығын қамтыған, жалпы 
ұзақтығы шамамен 290 млн жыл шамасында деп есептеледі; алты 
кезеңге жіктеледі, олар: 
 
кембрий кезеңі, 
 
ордовик кезеңі, 
 
силур кезеңі, 
 
девон кезеңі, 
 
таскӛмір (карбон) кезеңі 
 
пермъ кезеңі. 
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҦЛЫ УӘЛИХАНОВ (1835—1865) — 
қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, 
этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мҧхаммед Қанафия
Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері Тамаша білім алып 
шыққан жас ғалым түрлі ғылыми  экспедицияларға  белсене 
қатысты. Бұл жӛнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында 
армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан 
елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын 
жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, 
оның кӛмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір 
генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, 
Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл 
сапарда қарапайым халықтың ӛмірімен танысып, қырғыздардын 
тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.
[5]
 Ш. 
Уәлиханов 1856 жылы аса кӛрнекті ғалым, белгілі географ П.С. 
Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның 
қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. 
Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс 
географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс 
Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның 
ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау 


қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және 
халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық 
дастаны 
«Манасты»  
жазып 
алды. 
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып 
қайтты. Шоқанға дейін ол ӛлкеде бірде-бір зерттеушінің болып 
қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің 
еуропалықтар үшін мүлде жабық ӛлкеге барып қайтпақ болған 
сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен ӛлім жазасына душар 
болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда ӛз ӛміріне қатер 
тӛндіре жүріп, Қашғария ӛлкесінің тарихы, этнографиясы, 
мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған 
дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның 
негізінде 
«Алтышардың 
немесе 
Қытайдың 
Нан-JIy 
провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының 
жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, 
одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары 
бағалады.
 
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары 
бағалады. 
1860 
жылы 
Санкт-Петербургте 
ол 
орденмен 
марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс 
патшасы II Александрдің ӛзі қабылдады. Осы кездесу кезінде 
Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы 
жайлы ӛз ӛтінішін батыл жеткізді. 
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан 
Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс 
істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, 
жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. 
Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның 
карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. 
Шығыс 
елдерінің 
қолжазбаларын 
мұқият 
зерттеуді 
де 
жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы 
туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды. 
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына 
жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына 
оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті 
баскару ісін қайта ұйымдастыру жӛніндегі шараларға қатысты. 
Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», 
«Қырғыздардың кӛ- ші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы 
жазбаларда» баяндалады. 


1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға 
жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі 
ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс 
қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан ӛз еркімен кетті. 
ШӚЛ – ландшафтың ауа температурасы  құбылмалы,  жауын-
шашын ӛте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын түрі. 
Шӛлде түсетін жауын-шашын мӛлшерінен булану шамасы 7 – 30 
есе артық болады. Шӛл топырағы және грунтына қарай: ертедегі 
аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде 
қалыптасқан құмды Шӛл гипстелген құрылымды үстірт пен тау 
алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шӛл; 
үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты 
Шӛл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шӛл; 
жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шӛл; тау 
етегі жазығындағы ллссті Шӛл; тау алды жазығы мен ӛзендердің 
ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шӛл; тұзды мергелдік және 
сазды аласа таулы ӛңірдегі саздақты-шӛладырлы Шӛл; тұзды 
құмтӛбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шӛл болып бӛлінеді. 
Құрлықтың ішкі бӛлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық 
(Гоби, 
Такла-Макан, 
т.б.) 
және 
құрлықтардың 
батыс 
жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) 
Шӛлдерге бӛлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, 
қоңыржай белдеу және  Арктика  мен Антарктида (арктиктик Шӛл 
немесе мұз Шӛлі) Шӛлдері болып бӛлінеді; тауларда Шӛл (суық 
биіктаулық Шӛл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды. Негізінен 
Шӛлдердегі бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. 
Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік Шӛлде шілденің орташа темп-
расы 22 – 32С; ең жоғары темп-расы 50С; тропиктік және 
субтропиктік белдеулер Шӛлдерінде 30 – 38С. Солттүстік 
Америкадағы Ажал аңғарында ауа темп-расы 56,7 С-қа дейін 
кӛтеріледі. Шӛлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. 
Жылдық жауын-шашын мӛлшісі 175 – 200 мм; Такла-
Макан Шӛліндегі орташа мӛлшісі 9 мм шамасында. Судың 
булануы, жерге сіңу шығыны кӛп болғандықтан, Шӛлден ӛтетін 
кейбір ӛзендер сағасына жетпей тартылып қалады. Топырақ 
қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланысты Шӛлдің 
ӛсімдік жамылғысы негізінен кедей, тек қуаңшылыққа бейімделген 
ӛсімдіктер 
ӛседі. 
Шӛптесін 
ӛсімдіктен 
эфемерлер 
және 
эфемероидтар кӛп тараған. Субтропиктік және тропиктік, 


құрлықтың ішкі бӛліктеріндегі Шӛлдерде, әсіресе Африка, 
 Арабия  Шӛлдерінде  суккуленттер, ксерофиттікбұталар және кӛп 
жылдық шӛптер ӛседі. Солттұстік Америка  және Австрия  
субтропиктік Шӛлдеріндегі ӛсімдік жамылғысы басқа Шӛлдерге 
қарағанда түрлерге бай келеді. Шӛл жануарлары ӛзін қоршаған 
географиялық ортаның қатал жағдайына бейімделген. Қосаяқ, 
кесіртке, жылан, құм сарышұнақтары, құм тасбақалары, 
қарақұйрық, ақбӛкен, т.б. мекендейді. Дүние жүзіндегі ең ірі шӛл –
Сахара. 
Қазақстан 
мен 
Орталық 
Азиядағы 
ірі 
шӛлді 
аймақтар: Мырзашӛл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. 
Шӛлдің 
ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда 
қалыптасқан; Шӛл белдемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет