Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет192/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   206
Ц 
 
ЦЕНТРЛІК ПРОЕКЦИЯ - бұйымның проекциялау центрі деп 
аталатын бір нүкте арқылы ӛтетін проекциялаушы түзулердің 
кӛмегімен тұрғызылған жазықтықтағы (немесе беттегі) кескіні. 
Нүктенің центрлік проекциясы осы нүктені проекциялау центрі 
болатын нүктемен қосатын проекциялаушы түзудің проекциялар 
жазықтығымен қиылысу нүктесі түрінде анықталады. Нүкте 
нүктеге, проекциялау центрі арқылы ӛтпейтін түзу түзуге 
кескінделіп, тиістілік сақталады, бірақ параллельдік сақталмайды.
ЦУНАМИ (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер 
сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 
м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін 
барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. 
Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 
ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды. Индонезия жағасындағы жер сілкіну 
күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам 
цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді 
шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 300000 адамның ӛмірі 
қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 
км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті. 
Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр 
шығысында, Жапонияда, Оңт.- Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) 
жиі қайталанады. 20 ғ-дың 40 — 50-жылдарында АҚШ-та, 
Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Ц. 
қызметі құрылды. Болжам Ц. толқынының жер сілкіну 
эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген. 
 


Ч 
 
ЧАШКАЛЫ ҚОЛ АНЕМОМЕТРІ МС-13 - анемометрлер желдің 
белгілі уақыт аралығындағы ортапіа жылдамдығын ӛлшеу үшін 
қолданылады. Қол анемометрінің чашкалы және қанатты екі түрі 
болады. Чашкалы анемометрмен 1 - 20 м/с, қанатты анемометрмен 
0,3 - 5 м/с аралығындағы жел жылдамдығы ӛлшенеді. Қанатты 
анемометр негізінен вентиляциялық трубаларда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет