Ы
ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ — қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал
мӛлшері. Абсолюттік ылғалдылық — материалдардың құрғақ
бӛлегі массасының ӛлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мӛлшері.
Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір ӛлшем
бірлігіне сәйкес келетін ылғал мӛлшері. Кеннің ылғалдылығы
байыту фабрикаларындағы жұмыс процестеріне елеулі әсер
етеді. Магнитті жәнеэлектрлі
байытуда ылғалдық
белгілі
мӛлшерден
аспауы
қажет. Металлургиялық
зауыттарға
жӛнелтілетін концентраттардың ылғалдығы тиісті талаптарға сай
болуға тиіс.
Э
ЭВКАЛИПТ [Халықаралық фонетика әліппесі [Халықаралық
фонетика әліппесі]], Eucalyptus) – мирта тұқымдасына жататын
мәңгі
жасыл
бұта
не ағаш.
500-дей
түрінің
барлығы
дерлік Австралия мен Тасманияда (тек 2 – 3 түрі ғана Оңтүстік-
Шығыс Азияда) кездеседі. Биіктігі 80 – 100 м-ге дейін жетеді, діңі
ӛте мықты. Ағаш қабығы түрлеріне қарай тегіс, талшықты,
қабыршақты және қатпарлы болып келеді.
Жапырақтары алғашқыда – ұзынша, кейін қандауыр тәрізді болып,
жарық
кӛзіне параллель орналасады,
сондықтан
Эвкалипт
ормандары ашық, жарық болады. Гүлдері қосжынысты, ақ, сары
немесе қызыл түсті, шатырша гүлшоғырына топталған немесе дара
ӛседі.
Оларды
ара,
сона, құстар және
қолқанаттылар
тозаңдандырады. Күлтежәне
тостағанша
жапырақшаларының
пішіні қанат тәрізді, олар ағаш гүлдене бастағанда түсіп
қалады. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Жарық сүйгіш ӛсімдік,
500 жылдай ӛсіп тұрады. Эвкалипттің сүрегі берік, ауыр, ақ
түстен күрең
қызыл түске
дейін
болады,
оны
құрылыста, қағаз жасауӛнеркәсібінде қолданады. Жапырағының
құрамында эфир майы бар, сондықтан оларды медицинада және
парфюмерияда пайдаланады. Эвкалипт ағашы ӛте тез ӛседі, 15
жылда оның биіктігі 15 – 20 м-ге жетеді, сондықтан
олар субтропиктік және тропиктік аймақтарда мәдени түрде
(топырақ бекіту үшін) кӛп ӛсіріледі. Эвкалипт орманы суды кӛп
буландыратындықтан, батпақты аймақтарды құрғатады.
|