Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет30/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   206
БЕТПАҚДАЛА — Қазақстанның орталық бӛлігіндегі кең байтақ 
аймақты алып жатқан шӛлді ӛңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстары  
аумағында 
орналасқан. 
БатысындаСарысу ӛзенінің 
тӛменгі 
ағысымен, 


шығысында Балқашкӛлімен, оңтүстігінде Шу ӛзені аңғарымен, 
солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 
500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. 
Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шӛлінің 
орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 
— 300 метрдей болатын кӛлемді оңтүстік-батыс бӛлігі жазық, ал 
абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бӛлігі 
қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, 
әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеогенкезеңінің шӛгінді 
жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері —
 Жамбыл 
тауы (974 м). Бұл бӛлікСарыарқаның каледондық 
құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала 
жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды кӛлдер 
кездеседі. Кӛктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға 
айналатын Қарқаралы, Қарасу,Талдыеспе сияқты кішігірім ӛзендер 
бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық
Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12—140С, шілдеде 24—
26
0
С. Жауын-шашынның жылдық мӛлш. 100—150 мм. Қардың 
қалыңдығы 
10—15 
см-ден 
аспайды. 
Тұрақты су кӛздері 
болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол. 
Жайылымдар 
тереңдігі 
10—30 
м артезианқұдықтарымен 
суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр. 
Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың 
тастақты шӛлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен 
батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтстігіндегі 
Шу ӛзені маңындағы құмды тӛбелер мен қырқаларда  сексеуіл,
теріскен,  еркекшӛп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы 
ӛседі. 
Солтүстік-шығысындағы 
таулы 
қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; 
жазықта ақбӛкен, 
 алақоржын, саршұнақ, аламан,жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекенд
ейді. 
Бетпақдала 
— 
кӛктемгі 
және 
күзгі 
мал 
жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі 
мен Бетпақдала 
фаунасын 
сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет