табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл.
табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік
ботаникалық
саябақтар;
мемлекеттік
дендрол.
саябақтар;
мемлекеттік
табиғат
ескерткіштері;
мемлекеттік
табиғи
қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар,
10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи
қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық
аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік
табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар.
Бұлардың жалпы аум. 2 млн. га-дан астам. Бұл кӛрсеткіш
республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар.
стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 –
12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бӛлінуі тиіс. Мыс.,
мұндай
кӛрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та
15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар
комитетінің
32-сессиясының
шешімімен ЮНЕСКО-ның
бүкіләлемдік
табиғи
мұралар
тізіміне,
Орт. Азия мен Қазақстанбойынша
алғаш
рет Қорғалжын
қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: