Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет33/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   206
БИОЦЕНОЗ (био... және гр. koіns - жалпы) - тіршілік жағдайлары 
азды-кӛпті біркелкі орта ӛңірін мекендейтін жануарлардың,
ӛсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; құрлықтың  
немесе судың белгілі бір бӛлігін мекендейтін, сондай-ақ, ӛзара және 
тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар,
ӛсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі 
ағзалар бірлестігі. Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. 
Мебиус ұсынған 
(1877). 
Биоценоз 
- биогеоценоз құрайтын 
организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи 
сұрыпталу, 
т.б. эволюция факторларының 
нәтижесінде 
қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер 
кӛлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиял ӛнімділігі және 
олардың 
құрылымы 
арқылы 
сипатталады. 
Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте 
бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік 
құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың 
құрамындағы жеке түрлердің сан мӛлшерін, ал, қоректік құрылымы 
қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.
[3]
 Табиғаттағы зат 


алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа 
бӛледі: 
1. продуценттер (ӛндірушілер); 
2. консументтер (тұтынушылар); 
3. редуценттер (ыдыратушылар). 
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-
жақты зерттеудің маңызы зор. 
БОРА (грек. boras — солтүстік жел) аласа жоталардың (300 — 600 
м) ық беткейімен градиенттік қысым мен тартылыс күші әсерінен 
үлкен жылдамдықпен (40 — 60 м/с) тӛмен қарай бағытталып 
соғады. Қазақстанда Солт. Балқаш ӛңірінде байқалады. Бора — 
теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен тӛмен 
соғатын суық жел. Бора кӛбіне қысты күні соғады. Бора 
Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, 
Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде 
жиі байқалады. Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) 
әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып 
соғуы.
БОРАН соққан кезде айнала түтеп, ештеңе кӛрінбей кетеді. 
Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның 
Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды ӛңірлерде 
Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы 
Боранды Ебі Бораны, Сӛгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында 
жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді. 
Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы тӛмен 
болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің 
далалы аудандарында қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет