БЕРИНГ БҦҒАЗЫ - Солтүстік Мұзды мұхит (Чукот теңізі)
пен Тынық
мұхитты (Беринг
теңізі)
жалғастырады. Азия менСолтүстік
Америка құрлықтарын бӛліп
тұр. Ені 35 — 86 км, ұзындығы 96 км, тереңдігі 42 м. Бұғаз
арқылы Беринг теңізінің беткі жылы суы солтүстікке, Солтүстік
Мұзды мұхиттың суық суы оңтүстікке ығысады. Қазан айынан
тамызға дейін бұғазды қалқыма мұздар жабады. Бұғаздың
ортасындағы Диамид
аралдары арқылы АҚШ пенРесей мемлекеттерінің шекарасы ӛтеді.
Орыс саяхатшысы В.Берингтің есімімен аталған.
Β-БЕТА-СӘУЛЕЛЕР (β-сәулелер,
β-бӛлшектер). Бета-
ыдырау кезінде радиоактивті атом ӛзектерінен (ядроларынан)
әртүрлі жылдамдықтармен (0,986 жарық жылдамдығына шейін
жетуі мүмкін) бӛлініп шығатын теріс зарядты электрондар мен оң
зарядты позитрондар. Бета-ыдырау нәтижесінде атом ӛзегі (ядросы)
ӛзінің заряд кӛрсеткіші мен атомдық номерін ӛзгертіп отырады.
Мәселен, ӛзек (ядро) ӛз алектронын жоғалтуы нәтижесінде атомдық
номерін бір бірлікке кӛбейтеді, ал бір позитронын жоғалтуы
нәтижесінде — бір бірлікке азайтады. Бета-сәулелердің
иондандыру қабілеті альфа-сәулелерге қарағанда әлдеқайда тӛмен.
БЕТКЕЙ — Жер бетіндегі және су астындағы табиғи объектілерде
(тау, тӛбе, жота, ойыс, кемер, қия) экзогендік (сыртқы)
және
эндогендік (ішкі) процестер нәтижесінде қалыптасатын еңіс бет.
Беткейдің құрылысы тау жыныстарының құрылымына, абсолюттік
және салыстырмалы биіктігіне, беткейді түзеуші гравитациялық
қозғалыстардың қарқындылығына тәуелді. Беткейдің негізгі
кӛрсеткіші — оның құламалығы (қиялығы). Пішініне қарай
беткейлер құламалы (90
0
-қа
жуық), тіктеу (55
0
шамасында)
және еңістеу келген (20
0
-қа дейін) болып ажыратылады. Беткейдің
жер бедерін құрайтын жыныстардың гравитациялық қозғалысына
қарай ысырынды, опырмалы, жылжымалы, сырғымалы (солифлюкциялы), шайынды (делювийлі) және эрозиялық болып
жіктеледі.