Ол атмосфералық қысымға сәйкес пішінін ӛзгертетін қатпарлы
(гофрлі) қорапшалардан, беріліс механизмінен, сағаттық механизмі
бар барабаннан және қораптан тұрады. Қысымның ӛзгеруі
барабанға оралған диаграммалы қағаз лентаға жазылады. Барограф
барабанның толық айналу уақытына қарай тәуліктік Барограф және
апталық Барограф болып ажыратылады. Атмосфералық қысымның
ӛзгеру сипатын толық жазып алу үшін микробарографтар
пайдаланылады
БАРОМЕТР (гр.
baros — ауырлық және metreo — ӛлшеймін) —
атмосфералық қысымды ӛлшеуге арналған құрал. Ең кӛп таралғаны
-сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай
табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып
ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық
қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен
теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 Па.
Атмосфералық қысымның ӛзгерісін жазу үшін барограф
қолданылады. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды
барометрлер деп бӛледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр
шыны аяқты және сифондық болып бӛледі.
Достарыңызбен бөлісу: