Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет49/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   206
ГЕОСИНКЛИНАЛЬ (гео... және syn — бірге, klіno — еңістену) — 
1) Жер қыртысыныңгеосинклинальдік белдеу бойындағы ұзындығы 
ондаған, жүздеген, мыңдаған км, кӛлденеңі біршама қысқа, терең 
ойыс. Геосинклиналь теңіз бассейні түбінде пайда болады; 
ойыстың екі жақ ернеуі арқылы терең жарылымдар ӛтеді, ортасын 
шӛгінді және жанартаулық тау жыныстарының қалың қат-
қабаттары толтырады. Ұзаққа созылған күшті тектоник. 
деформация әсерінен кейін ол үлкен таулардың бӛлігіне — күрделі 
қатпарланған 
құрылымдарға 
айналады; 
2) Жер 
қыртысының тектоникалық қозғалыстары жиі байқалатын бӛлігі. 
―Геосинклиналь ‖ терминін ғылымға енгізіп (1873), бұл ұғымды 
толықтырған американ геологы Дж. Дена. Француз геологы Э. Ог 
(1900) Г-ді платформаның сыңары ретінде қарады және оның ішкі 
құрылысы 
күрделі 
екенін, 
даму 
барысында ойыстар мен 
кӛтерілімдерге бӛлінетінін кӛрсетті. Геосинклиналь дамуының 
негізгі 
сатыларын 
неміс 
геологы Э. 
Краусбелгіледі. 
Геосинклинальдарды алғаш Америка геологы Ч. Шухерт жіктеді, 
ал А. Грэбо олардың кӛшуі (миграциясы) жӛніндегі пікірді айтты. 
Неміс геологы Х. ШтиллеГеосинклинальдардың дамуы мен 
магмалық процестер арасындағы байланыс заңдылығын ашты; ол 
Г-дерді 
эвгеосинклинальдер 
мен 
миогеосинклинальдерге 
ажыратуды 
ұсынды. А. 
Д. 
Архангельский ғылымға 
геосинклинальдік облыс деген ұғымды енгізді (1933). В. В. 
Белоусов Геосинклиналь дамуындағы басты жалпы ерекшеліктерді 
ашты (1938 — 40). А. В. Пейве Г-дердің пайда болуы мен оның 
келешек эволюциясында басты орын алатын терең жарылымдар 
жӛніндегі түсінікті енгізді (1945). Н.С. Шатский Г-дерді 


геосинклинальдік жүйелерге топтауға болатынын кӛрсетті 
(1947).М.В. Муратов пен В.Е. Хаингеосинклинальдік қатардағы 
құрылымдардың жіктелімін ұсынып, олардың даму сатыларын 
белгіледі. Белгілі бір бағытта созылып жататын жер қыртысының 
бӛлігінде пайда болатын геосинклинальдік ойыстар біртіндеп даму 
нәтижесінде аса күрделі қатпарлы тау жүйесіне айналады. Ол 
дамудың екі сатысынан ӛтеді. Бастапқы кезде теңіздегі ойыстың 
түбі күрт тӛмендегенде, шӛгінді жыныстардың қалың қат-қабаты 
ӛте мол жиылады. Осы кезде пайда болған жарылымдардан 
жанартау лавасы тӛгіледі. Келесі сатыда жер қыртысының 
кӛтерілуіне байланысты теңіз шегінеді де, геосинклинальдік ойыс 
біртіндеп тау жүйесіне айналады. Геосинклинальды құрайтын 
жыныстар қатпарланып жиырылғанда ірі гранит интрузиялары 
енеді, ал қатпарлану процестері күшейгенде терең жарылымдар 
пайда болады, олар арқылы жоғары кӛтерілген магма жер бетіне 
тӛгіледі. Геосинклинальдар геосинклинальдік белдеулерден, 
геосинклинальдік облыс және геосинклинальдік жүйелерге 
жіктеледі. Геосинклинальдік белдеулер — ұзындығы ондаған мың 
км ӛлшенетін платформалар арасында немесе оның шетін жағалай 
дамып ӛзіндік тектоник. режимімен сипатталатын енсіз аймақ. 
Жердің жаңа тарихында (неогенде), яғни кейінгі 1,6 млрд. жылда 5 
Геосинклинальдік белдеу құрылған: 
Тынық мұхиттық белдеу, ол шеңбермен тынық мұхитын қоршай 
орналасқан; 
Жерорта теңіздік белдеу, ол Малай топаралдарымен қосылып
Еуразияның оңт. арқылы Африканың солт. батысынан Гибралтарға 
дейін созылып жатыр; 
Орал — Моңғол — Охота белдеуі, ол сібір платформасын батысы 
мен 
оңтүстікті 
айналып 
ӛтіп, 
батыс Еуропа мен Қытай —
 Корейплатформаларын бӛліп жатыр; 
Атланттық белдеу, ол Атлант мұхитының солтүстік құрлық 
жағалауларын қамтиды; 
Арктикалық 
белдеу
ол Солтүстік 
мұзды 
мұхитты айнала 
орналасқан. Геосинклинальдік облыстар — Геосинклинальдың 
белдеулердегі созылмалы бағытта бӛлінетін ӛзіндік құрылысы мен 
дамуы бар бӛлігі. Геосинклинальдік жүйелер — аса қозғалмалы 
ұзынынан созылған, дамуының басында пәрменді тӛмендеген, ал 
соңғы сатысында күшті қатпарлану мен тау кӛтерілуіне шалынған 


жер қыртысы. Геосинклинальдар аймағында кӛптеген кен 
байлықтар шоғырланатындықтан оны зерттеудің мәні зор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет