Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет57/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   206
Д 
 
ДАЛА – Жер бетіндегі, негізінен, шӛптесін ӛсімдіктер, оның 
ішінде шым  топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз,


бетеге, қоңырбас, т.б.) ӛсетін ландшафтық-белдемдік ӛңірлердің 
жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара 
және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мӛлшеріне 
байланысты даланың ӛсімдік жамылғысы тез ӛзгеріп, түрленіп 
отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, 
қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас 
шӛптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге 
ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі 
дала; шалғынды немесе аралас шӛпті дала және шӛлдің шала 
бұтасы (кӛбінесе жусан) басым ӛсетін шӛл дала. Жер бедеріне 
қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып 
жіктеледі. 
Солтүстік 
Америкада 
даланы прерия, 
Оңтүстік 
Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран,Пәкстан, Ауғанстан) 
үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды.  Еуразия 
құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға 
дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық ӛңірлер жиі кездеседі. 
Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. 
Даланың климат жағдайы (буланудың кӛп болуы, жауын-
шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялыққұрамы, 
тұздылығы 
ағаштардың 
ӛсуіне 
қолайсыз 
келеді. 
Дала ӛсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден 
астам түрі кездеседі) және кӛп сатылы болып келеді. Ӛсімдік түрі 
маусым ішінде де ӛзгеріп отырады. Кӛктем мен күз аралығында 
селеу, кӛде, қоңырбас, бидайық,сұлыбас және кӛп жылдық 
шӛптесін 
дақылдар, 
эфемерлер 
(қызғалдақ, шытыр, 
т.б.) 
мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас ӛсімдіктер) мүк, 
қына ӛседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы 
шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада 
қуаңшылыққа біршама тӛзімді ӛсімдіктер (ӛлеңшӛп, боз, т.б.) және 
мүк ӛседі. Шӛл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай 
бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына 
кӛп тараған. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты 
батыстан шығысқа қарай дала ӛсімдіктерінің құрамында 
айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала 
тӛмендегідей бӛліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың тӛменгі ағысы 
мен Алтай-Сауыр тауларыаралығын қамтитын Қара теңіз – 
Қазақстан бӛлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара 
теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бӛлінеді; 2) 
Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – 


Даур және Манчжур орманды далалары болып ажыратылады. 
Таулы далада ӛсімдіктердің жазықта ӛсетіндерінен басқа типтері де 
кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында 
байқалады. 
Далалар 
Солтүстік Америкада, Оңтүстік 
Америкада және Австралия құрлығында 
үлкен 
аймақтарды 
қамтиды. Далалардың кӛбісі жыртылып, егістікке айналған, қалған 
жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Кӛптеген елдерде 
табиғи дала қорықтарда ғана сақталған. 
[1]
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет