құрылыстағы, кӛліктегі және т.б. орындардағы жер органдары
тұрақтары мен бекеттері де толықтырады.
ГИДРОСЛЮДАЛАР – ӛте - жұқа қабыршақтардан тұратын, су
молекуласымен қаныққан минералдар тобы.
Топырақ
Ӛсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің),
климат жағдайларының және адамдардың әсерімен ӛзгерген жер
бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық
қасиеті, яғни ӛсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен
қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ
түйіршіктерінің мӛлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды
және саз топырақ болып бӛлінеді. Жасы мен генезисі бойынша —
қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр
топырақ,қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы
басқалар болып бӛлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы
зоналық
(горизонтальды
және
вертикальды)
заңдылыққа
байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен
байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.
Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз
әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи
денесі.
ГИМАЛАЙ (Гимала и) - жер бетіндегі ең биік тау жотасы. Тибет
таулары мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан. Үндістан,
Непал,
Қытай,
Пәкістан, Бутан елдері
территориясында
орналасқан. Жер бетіндегі ең биік шың Джомолунгма (Эверест)
8848 м. осында орналасқан. Гималай - Жер шарындағы аса биік тау
жүйесі. Үндістан, Қытай, Непал және Пәкістан жерінде. Тау
тым шалғайда жатқандығына қарамастан, ескі аңыз-ертегілер,
батырлар жырлары арқылы қазақтарға да жақсы таныс болған.
Абай «Біраз сӛз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген
тарихи мақаласында Шыңғысханның жорық жолын кӛрсететін
қазақтардың «Самарқанның сары жолы, Бұланайдың тар жолы»
деген мақалын келтіре отырып, «Бұланай деп Гималайды айтқаны
ма, Үндукеш тауы ма?» деген жорамал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: