Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет92/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   206
КЛИМАТОЛОГИЯ ТҤРЛЕРІ Климаттың түпкі тегі мен 
физикалық
 
жаратылысын физикалық климатология зерттейді. 
Физикалық география алдымен жер беті мен атмосфераның жылу 
және су теңдестіктері және олардың климат қалыптастырушы рӛлі 
туралы ұғымға арқа сүйейді. Физикалық климатологияның ерекше 
тарауы – динамикалық климатология. Динамикалық климатология 
климаттың Жер шарында таралуын атмосфераның жалпы 
айналымы процестеріне байланысты қарастырады. Атмосфераның 
биік қабаттарын зерттеу мәселелерімен аэроклиматология, ал 
ауаның жер бетіне жақын қабатының климатын зерттеумен 
микроклиматология айналысады. Ӛткен тарихи және геологиялық 
замандардың климатын палеоклиматология зерттейді. Ол тарихи 
геологияға жақын. Климатология ӛзге пәндермен шекаралас 
бірқатар қолданбалы климатологиялық пәндердің қалыптасуына 
себепші болды. Бұл пәндерге биоклиматология (климаттың тірі 
табиғат пен адамға әсері туралы ғылым), агроклиматология 


(климаттың егіншілікке әсерін зерттейді), курорттық және 
медициналық климатология, техникалық климатология (онда 
авиациялық 
климатология
кӛліктік 
климатология 
және 
құрылыстық Климатология пәндері бӛлек қарастырылады) жатады. 
КЛИМАТ ТУРАЛЫ БАСТАПҚЫ КӚЗҚАРАСТАР 17–18 
ғасырлар Климат пен оның заңдылықтары туралы бастапқы 
кӛзқарастар Ежелгі Грекияда қалыптасты. 17–18 ғ-ларда арнаулы 
құралдардың 
кӛмегімен 
жүргізілген 
метеорологиялық 
бақылаулардың негізінде жазылған алғашқы климаттық деректер 
пайда болды. Ұлыбританияда Э.Галлей, Дж. Хэдли, Ресейде 
М.В.Ломоносов алғаш рет атмосфералық айналымның климатқа 
әсері туралы ойларын айтты. 19 ғасырдың басында неміс 
жаратылыстанушысы А.Гумбольдт жүйелі түрде Жер шары 
климатының жазбасы мен түсінігін жасауды қолға алды және 
алғашқы климаттық карталарды құрастырды. 19 ғ-дың 2-
жартысында Климатологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіле 
бастады. Ресейдегі Климатологиялық зерттеулер 1849 жылы 
ашылған Бас геофиз. обсерваторияда Г.И.Вильдтің басылығымен 
жүргізілді. Осы кезде А.И.Воейков та бірқатар зерттеулер жүргізіп, 
климаттың геогр. заңдылықтары мен геофиз. жаратылысын 
негіздеуге тырысты. Климатологияға зор үлес қосқан ғалымдар: 
А.А.Каминский (жел режимі және ылғал айналымы жӛніндегі 
зерттеулер), Л.С.Берг (палеоклиматология мен биоклиматология 
саласындағы және Жер климатын топтау жӛніндегі жұмыстар), 
белгілі полюс зерттеушісі В.Ю.Визе. 20 ғасыр 20 ғасырда 
тропиктерді, Арктика мен Антарктиданы, мұхиттарды қамтыған 
метеорологиялық бақылаулардың жаһандық жүйесі тез ӛсіп 
қалыптасты. Климаттық атластар жасалды. 20 ғ-дың ортасына 
таман Климатологиялық зерттеулер атмосфераның жоғары 
қабаттарын да қамтыды. Осы кезде климаттың физикалық негізі – 
Жер беті мен атмосфераның жылу теңдестігі (балансы) туралы 
ұғым қалыптасты. Атмосф. жалпы айналымның климатты 
қалыптастырушылық рӛлін зерттеу КСРО-да (Б.П.Алисов, 
В.А.Бугаев, Т.В.Покровская, С.П.Хромов), Германияда (Г.Флон), 
Францияда (П.Педелаборд) жүргізілді. 20 ғ-дың 30-жылдарынан 
палеоклиматология саласындағы зерттеулер басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет