ерітіндісін
дайындауға,
құрылыста,
қағаз
ӛндірісінде,
алюминийтотығын
алуда
қолданылады. Каолинит
негізінен
алюмосиликатты таужыныстардың морылуынан және тӛмен
температуралы метасоматозда пайда болады.
КАРТОГРАФИЯ – географиялық карталар, оларды жасау және
пайдалану туралы ғылым. Картография
табиғат пен қоғам
құбылыстарының үйлесуі мен ӛзара байланысуын, олардың
кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша ӛзгеруін, т.б.
картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) кӛмегімен зерттейтін
ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды
аспанның карталары, глобустар
мен жер бедері карталары,
картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері
(үлгілері) жатады.
Комитеның негізгі салалары:
1. картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім,
картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен
кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
2. картография ғылымы мен ӛндірісінің тарихы;
3. картографиялық деректер тану (картографиялық
деректерді
саралау және оларға қатысы бар ғылыми - ақпарат теориясының
мәселелері);
4. карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен
технологиясы;
5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.
Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне
тарамданады. Оның біреуінің кӛп ғасырлық тарихы болса,
кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан
ӛтуде. комитеның жалпы теориясы картаны
жасау әдістемесі мен
пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының
негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография
картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық
проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың
әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру
және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық
технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық
семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру
әдісі мен теориясын, картаны кӛркемдеу, түрлі түсті безендірумен
айналысады. Картографиялық семиотика
шеңберінде белгілер
жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны
басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық ӛнімдерді
технологиялық
әзірлеу,
кӛбейту,
картаны
полиграфиялық
безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық ӛндірісті
ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол
карта жасау ӛндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен
айналысады. Картаны пайдалану картографиялық ӛнімдерді
пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы
картографиялық ӛндірістің дамуын, кӛне картографиялық
ӛнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика –
географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К.
салаларын нысанға қарап та жіктейді. Мысалы, Жер бетін
(құрлықтар
мен
мұхиттарды),
планеталық
және
астрон.
картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге
ажыратылады: жалпы география және топографиялық, тақырыптық
(табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі,
аэроғарыштағы және су астын картографиялау;
масштабына қарай
– ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп
ажыратады.
КӘРІЗ Керіз (парысша — жер асты суармалы каналы — жер асты
суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып,
шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан кӛлбей қазылған
куыс арна. Кәріздің ұзындығы
бірнеше километрге дейін, ені 0,7—
1метр, биіктігі 1,5 — 2 метр болады. Батыс Қаратау
жотасының орталық бӛлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының шығысында 10 км
жерде орналасқан. Шығысында Шиелібұлақ, Бӛлебай және т.б.
кӛптеген бұлақтар бар.
Оңтүстігінде
Күш
тауы орналасқан.
Құдықтың бойы мал жайылымына пайдаланылады. Кәріз Орталық
Азия, Әзірбайжан, Иран елдерінде ауыз сумен қамтамасыз ету,
егістікті суару үшін ерте кезден қолданылып келеді. Отырар
ӛңірінен Кәріз суландыру жүйесі Табақбұлақ ауылынан 7 километр
жерден табылған. Мұнда арықтар арқылы құдық суы шығарылған.
Анықталған құдықтар саны 13. Тек
біреуі ғана жақсы сақталған,
калғандары бұзылған. 1-кұдық пен 13-құдық арақашықгығы 92
метр. Олардан шыққан арық солтүстік-батысқа қарай 440 метрге
созылады да, алкапқа қарық ретінде тарайды. 11, 12, 13-құдықтар
ертеректе бұзылса керек, олардың орны нашар сақталған.
Құдықтарды шегендеген тастарды, құдықтан арықка қарай шықкан
құбырды осы маңдағы кейінгі тұрғындар басқа мақсатта
пайдалануға бұзып алған сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: