Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет94/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   206
КҤННІҢ ЖЕЛІ - Күн бетінен келетін электрлі зарядталған 
бӛлшектер (гелий мен сутегі) ағыны. негізінен электрондар мсн 
протондардан тұрады. Олар 200-1000 км/с жылдамдықпсн қозғалып 
Жерге 1-2 тәулікте жетеді. бірақ атмосфераның 90 км-ден тӛмен 
бӛлігіне ене алмайды. Белгілі бір жағдайларда олар магниттік 
толқындарды. поляр шұғыласын және басқа да геофизикалық 
құбылыстарды тудырады. 
КҤН АКТИВТІЛІГІ - кӛптеген геофизикалық құбылыстарға 
әсерін тигізеді; Жер ионосферасының күйін ӛзгертеді, осының 
әсерінен қысқа радиотолқындардың таралу ерекшеліктері, 
магниттік құйындар, полярлық шұғыла, т.б. пайда болады. 
Қазақстан Республикасында Күнді бақылау және зерттеу 
жұмыстары 1950 жылдардан басталды. 1954 ж. бірінші рет 
коронографтың кӛмегімен Күн тәжінің ішінде толқын ұзындығы 
5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының 
барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы кӛлінің маңында теңіз 
деңгейінен 3000 м биіктікте Күн стансасы салынды. Бұл бекет 
үлкенді-кішілі екі жаңа коронографпен, горизонтальды Күн 
телескопы, 
спектрограф  
және 
еселік
фотогелиографпен  
жабдықталып, Күн физикасын зерттеуге үлесін қосуда.
КҤННІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ - күнді бақылай келе, 
ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала 
отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дӛңгелегі бойымен бір 
айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дӛңгелекті ежелгі 
гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы 
атауын 
сақтап 
келеді. 
Эклиптика зодиак шоқжулдыздары 
(гр. зодиакос куклос - жан-жануарлар дӛңгелегі) деп аталатын 
12 шоқжұлдыз арқылы ӛтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар 
санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны зодиак 
белдеуі деп 
аталады. 
Күн 
зодиак 
шоқжұлдыздарының 
әрқайсысында бір ай шамасында болады. Сӛйтіп, Күннің аспан 
сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн 
эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз 
және 23 кыркүйекке сейкес келетін, күн мен түннің теңелу деп 
аталатын нүктелерде екі рет қиып ӛтеді. Кҥн мен түннің кӛктемдегі 
теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі 


Таразы 
шоқжұлдызында 
болады. 
Бұл 
күндерде 
Күн аспан экваторын басып ӛтеді, ал аспан экваторын аспан 
кӛкжиегі как бӛледі. Ендеше кӛкжиек үстіндегі және астындағы 
Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22 
маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык 
орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғыКүн тоқырау күні. 22 
желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта 
болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні. Ерте кезде 
Күннің жұлдыздар арасындағы кӛзге түсерлік қозғалысы Күн 
бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға 
қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда 
мұндай 
түсіндіру 
сол 
кездегі 
кейбір 
философтарды 
канағаттандырмады. Мәселен, атақты  Пифагордың оқушылары 
Күннін жұлдыздар арасындағы кӛзге түсерлік қозғалысы Жердің 
қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл 
болжамды (Жердің ӛз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар 
құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сӛйтіп, мың 
жылдан астам уақыт бойы,Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің 
қозғалатыны жайында сӛз етпеді. Қазіргі кезде Жер ӛз осін айнала 
тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді 
айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап 
қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, 
шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы 
жалған кӛрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде 
санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни ӛзі де 
Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан 
болады. Күннің бетінде кӛптеген коңыр дактар болатыны белгілі. 
Мінеки, осы дақтардың ӛзара орналасуын бақылай отырып, 
ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай 
ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды: Күн ӛзінің 
маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен ӛз осін айнала 
қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет