Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет88/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   206
КАЙНОЗОЙ ЭРАСЫ – Жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын 
қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) 
эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және тӛрттік 
кезеңге — жіктеледі. 
КАЛЬДЕРА (испанша: caldera— үлкен қазан) — жанартау 
тӛбесіндегі беткейлері тік және сатылы сопақша немесе дӛңгелек 
ойыс. Ені 20 км және одан да кең, тереңдігі жүздеген м-ге дейін 
болады. Кальдераны опырылмалы және жарылмалы деп бӛледі. Ең 
үлкең кальдера Асо жанартауында  (Жапония) - 375 км Кальдерада 
кӛлдер жиі пайда болады. Кальдера
— вулканмен салыстырғанда 
шамадан тыс үлкен, вулканның тӛбесіндегі сопақ, дӛңгелек қазан 


тәріздес шұңқыр. Ені 10—20 км-ге, тереңдігі бірнеше жүз метрге 
кетеді. Кальдера әр түрлі жолмен пайда болуы мүмкін: 
1. 
жарылыс кальдерасы — газ жарылысының ӛсерінен 
кеңіген, вулкан кӛмейінің жоғарғы ернеуі (Япониядағы Бандай 
Сана кальдерасы); 
2. 
кӛбінесе лавалық вулкандарға тән құлау кальдералары 
(Гавай аралдары Гавай аралдарындағы Мауна Лоа кальдерасы); 
3. 
жер 
бетіндегі 
ағын 
сулардың эрозиясынан пайда 
болатын, бірақ ӛте сирек кездесетін, эрозиялық кальдералар 
(Пальма аралының кальдерасы). 
КАЛЬЦИТ– карбонаттар 
класының 
минералдар 
минералы. 
 Химиялық  формуласы CaCO3, құрамында аздаған Mg, Fe, Mn, 
Zn, Cо, Sr, Ba қоспалары болады. Тригональдық сингонияда 
кристалданады, жеке кристалдары ромбоэдр, скаленоэдр, қалақ 
пішінді масса құрап, тығыз және түйірлі, талшық, топырақ тәрізді 
масса және  сталактит,  сталагмит түрінде кездеседі. Қаттылығы 3, 
меншікті салмағы 2,8 г/см
3
, шыныдай жылтыр, морт сынғыш
түссіз, ақ және қоспаларына байланысты түсі ӛзгереді. Кальциттің
Исландия шпаты, мәрмәр ониксі, атлас шпаты деген түрлері бар. 
Кальций гидротермальдық, метасоматикалық, жанартаулық тау 
жыныстарының қуыстары мен жарықтарында, карбонатиттерде, 
ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысында, әктас, бор, 
мергель, мәрмәр құрамында кездеседі. Ол флотация әдісімен 
байытылады. Кальций құрылыста, металлургияда, химия  
ӛнеркәсібінде, электртехникада, т.б. салаларда қолданылады.
Мәрмәр  ониксі әшекейлік бұйымдар жасауда, ақаусыз мӛлдір 
Исландия шпатының кристалдары оптикалық  приборларда 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет