Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет96/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   206
КЛИМАТТЫҢ ӚЗГЕРУЛЕРІ - түгелдей жер бетінде немесе оның 
ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан 
астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) 
езгерулері. 
Палеогеографиялық 
зерттеулердің 
негізінде 
анықталғангеологиялық климаттың ӛзгерулері Жер тарихында 
ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын 
дәлелдейді. Кӛбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, 
сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын 
қазіргі Климаттың ӛзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) 
жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден 
туындаған ұзақтығьг 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ 
ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық 
ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің 
ғасырлық және ғасырдан ұзақ ӛзгерістерімен байланыстары туралы 
болжамдар да бар. Климаттың ӛзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи 
ортаның барлық құрам- бӛліктері мен ауыл шаруашылығы 
ӛндірісіне әсер етеді. 
КЛИМАТТЫҚ АНОМАЛИЯ - қандай да бір  метеорологиялық  
элементтердің климаттық нормадан айтарлықтай ауытқуы. Ауытқу 


белгісіне байланысты климаттық аномалияның оң немесе теріс 
екені туралы айтылады.
КОДИЛЬЕРА (испан. сordіlleras – тау тізбегі) – Жер шарындағы ең 
ұзынтау жүйесі, Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс 
жағалауын бойлай, Аляска түбегінен Отты Жер аралына дейін 
созылып жатыр. Ұзындығы 18000 км-ден астам. Кодильера 
таулары құрлықтың шығысындағы жазық жерлерді Тынық мұхит 
жағалауынан 
бӛліп 
жатқан 
ең 
үлкен 
суайрық 
және климат тосқауылы болып табылады. Ол Атлант мұхитынан  
келетін мол ылғалды бӛгеп қалады, сондай-ақ, Тынық мұхиттың 
әсер етуін тежейді. Соның нәтижесінде Тынық мұхиттағы 
Калифорния, Перу сияқты суық теңіз ағыстары ықпалынан тек 
қана осы батыс жағалық бӛлікке тән құрғақ жағалық шӛл 
(Атакама) 
климаты 
қалыптасады. 
Кодильера 
биіктігі 
жӛнінен Гималай мен Орталық Азиятауларынан ғана аласа. Тау 
жүйесі 2 бӛлікке бӛлінеді:  Солтүстік Америка  Кодильерасы 
және Оңтүстік 
Америка Кодильерасы 
немесеАнд 
таулары. 
Солтүстік Америкадағы ең биік жері Мак-Кинли тауы (6193 м). 
Анд тауларының ең биік жері Аконкагуа тауы (6960 м). Тау 
жүйесінің ең енді жері Солтүстік Америкада 1600 км-ге, Оңтүстік 
Америкада 900 км-ге жетеді . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет